Ұлттық лиганың негізгі додасындағы «Астананың» соңғы қарсыласы — «Тобыл»

05.04.2021, 18:00    Оқылғаны: 423
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Ұлттық лиганың негізгі додасы аяқталуға айналды. Жеке-дара көш бастап келе жатқан «Астана» баскетбол клубының көмбе соңындағы қарсыласы Қостанайдың «Тобылы» болып отыр. Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері, яғни 6 және 7 сәуірде Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! — Коронавирус нәубеті салдарынан, астанаға енгізілген шектеу шараларына байланысты матч көрерменсіз бос трибуналарда өтеді.

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020, 2021
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Баскетбольный клуб Тобол 2020/2021

Биылғы маусымда бірінші рет, Ұлттық лига додасы аясында, “Астана” мен “Тобыл” 17 және 18 қаңтар күндері Қостанайда кездескен. Қарсыласының алаңында өткен екі ойында да астана командасы айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Содан бері “Тобыл” 12 ойын өткізіп, оның тоғызын жеңіспен аяқтады. Олар “Алматы Легионымен”, “Ақтөбемен” және “Атырау Барыстарымен” төрт ойыннан өткізді. Алматылықтар Қостанай қырандарына төрт ойында да төтеп бере алмады. Сондай-ақ “Тобыл” төрт рет “Ақтөбені” де тізе бүктірді. Бірақ осы тқртеуінің біреуінде тек овертаймда басымдық таныта алғанын да айта кетуіміз керек. Ал “Атырау Барыстарына” қарсы матчтарда қостанайлықтар көңілге қонымды нәтиже көрсете алмай, төрт ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті.

Команда сапындағы өзгерістер: Соңғы ойынан кейін «Тобыл» сапынан екі ойыншы кетіп қалды – Дмитрий Лучко және Станислав Рововой. Екеуі де “Ақтөбеге” ауысты. Бірақ бұл екі ойыншы “Астанамен” өткен матчтарда алаңға шыққан жоқ болатын. Сондықтан олардың кеткендері алдағы матчтарда қонақтардың құрамына ешқандай да әсер етпейді.

Команда көшбасшылары: Команданың нағыз көшбасшысы – еліміздің Ұлттық құрамасының мүшесі Антон Быков. Сондай-ақ, қостанайлықтардың көшбасшылары қатарына Павел Ильин мен Константин Двирныйды да қосуға болады. Максим Воейков, Шайым Қуанов және Дмитрий Климов үшеуін өз ұжымдарына көп үлес қосып жүрген ойыншылар ретінде атап өткен жөн. Сонымен қатар, Даниил Селезнев пен Рустам Валиев матч сайын алаңда жиырма минуттан артық ойнап жүр.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Астана” биылғы маусымда жеңілістің кермек дәмін татпай, өткізген ойындарының бәрінде жеңіске жетті. Әрі турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты, енді оларда ешбір команда қуып жете алмайды. Биылғы маусымда 22 ойын өткізген “Тобыл”12 жеңісімен үшінші орынды иеленіп тұр. Олар да плей-офф додасына бақ сынау құқығына қол жеткізген, бірақ енді үшінші орыннан жоғары көтеріле алмайды. Айтпақшы, оларды “Каспий” командасының үшінші орыннан ығыстыруы ықтимал матемитикалық мүмкіндік бар, бірақ мұның жүзеге асуы – екіталай.

Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері, яғни 6 және 7 сәуірде Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. Астана уақытымен, бірінші матч 21:00-де, ал екінші ойын 16:00-де басталады. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»