«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогын тоғызыншы рет жеңіп алуға бір қадам қалды. Жартылай финалда олар Ақтаудың «Каспий» командасынан үстем түсті.
Бұл ойындағы алғашқы ұпайларды Николай Бажин еншіледі. Ақтаулықтар бірден нәтижелі қарсы шабуылмен жауап берді. Бірақ бұл да матч басында астана баскетболшыларының құйындай орап соғуларына кедергі бола алмады. Максим Марчук қатарынан үш шабуылды сәтті аяқтады. Оны өзлерінің дәл соққыларымен Вадим Щербак пен Николай Бажин қолдады. “Астана” басымдығы лезде екі таңбалы санға жетті. Кезеңнің екінші жартысында біздің команда дәл осылай көп ұпай еншілеген жоқ, бірақ Эмиль Райковичтің шәкіртері қорғаныста өте сауатты ойнады. Соның нәтижесінде Ақтау командасы бірінші кезеңде небәрі 8 ұпай ғана еншіледі. Ал Рустам Мырзағалиевтің үш ұпайы мен Щербактың үш ұпайлық екі соққысы “Астананың” бұл кезеңді әжептәуір есеп айырмасымен аяқтауына мүмкіндік берді – 21:8. Екінші кезеңнің басында “Каспий” намысты қолдан бермеуге тырысып, екі минутай біздің жігіттердің қарқындарына төтеп берді. Бірақ содан кейін “Астана” ойын тізгінін қайтадан өз қолына алды. Кезеңнің ортасында Айтқали, Мырзағалиев, Бажин және Марчук салған доптар жауапсыз қалды. Сөйтіп, біздің басымдығымыз 20 ұпайдан асып кетті. Кезеңнің екінші жартысында “Каспий” небәрі екі ұпай еншілеп, матчтың бірінші жартысында 26 ұпай айырмасымен ұтылып қалды – 45:19.
Шығыршық ауыстырған соң “Астана” қарсыласын қыспаққа алуды одан әрі жалғастырды. Роберт Пан салған доптан кейін біздің команданың еншісінде 50 ұпай болды, ал есеп айырмасы отыз ұпайдан асып жығылды. «Каспий» бұл кезеңдегі алғашқы ұпайларын есеп айырмасы қырық ұпайды жуықтағанда ғана еншіледі. Үшінші кезеңнің екінші жартысында біздің команданың ұпай қорын Андрей Литвиненко мен Николай Бажин молайта түсті. Үш кезеңнен кейін астана ұжымы 40 ұпайға жуық есеп айырмасымен қара үзіп кетті – 67:28. Әрі біздің команданың жеңіске жететіне енді шүбә келтіру мүмкін емес еді. Соңғы онминуттықтың бірінші жартысында “Астананың” ұпайларының көбісін біздің “алыптарымыз” еншілеп отырды. Тіпті Асқар Майдекин, Антон Пономарев және Роберт Пан үшеуі айып сызығынан 8 рет мергендік танытты. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда астана басымдығы 40 ұпайдан асып кетті. Кезеңнің бел ортасынан кейін Руслан Айтқали ақтаулықтардың шығыршығына екі рет қатарынан үш ұпайлық доп салды. Ал соңғы 6 ұпайды команда қоржынына Асқар Майдекин қосып, астана командасының басымдығын 50 ұпайға жеткізді. Әрі осы маттчың қорытынды есебін түйіндеді – 92:42.
Салдары: “Астана” Қазақстан кубогының финалына қиналмай шықты, ал “Каспий” қола жүлдені «Атырау Барыстарымен» сарапқа салады.
Ең көп ұпай еншілегендер:
- «Астана» – Бүгін біздің команданың жеті бірдей ойыншысы 10 ұпайдан артық еншіледі. Асқар Майдекин ең нәтижелі ойыншы болды – 16 ұпай, 5 рет доп қағып алды және блокшот. Руслан Айтқали 14 ұпай жинап, 7 рет доп қағып алды. Роберт Пан 13 ұпай еншілеп, 6 рет доп қағып алды, 3 пас берді, 3 рет допты тартып әкетті. Николай Бажин – 12 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 6 пас, 2 рет допты тартып әкетті. Рустам Мырзағалиев – 11 ұпай, 4 рет доп қағып алды және 8 пас. Максим Марчук – 11 ұпай, 3 рет доп қағып алды және 3 рет допты тартып әкетті. Вадим Щербак – 11 ұпай, 2 рет доп қағып алды және 3 пас.
- «Каспий» – ақтаулықтар сапында ең тиімді ойыншы Роман Марчук болды – 6 ұпай, 5 рет доп қағып алды және блокшот; ал ең көп ұпай жинаған ойыншы Владимир Курочкин болды – 9 ұпай және 3 рет доп қағып алды.
Келесі матч: Астана баскетболшылары финалда Қостанайдың «Тобылымен» додаға түсіп, Қазақстан кубогының жеңімпазы атағын қорғайтын болады. Бұл матч сейсенбі күні, яғни 16 наурызда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.