«Астананың» Қазақстан кубогындағы бірінші қарсыласы – «Ақтөбе»

12.03.2021, 10:00    Оқылғаны: 467
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

2021 жылғы Қазақстан кубогы додасы «Астана» баскетбол клубы үшін осы турнирдің топтық кезеңінде «Ақтөбе» командасымен басталады. Командалар жұма күні, яғни 12 наурызда кездеседі, басталуы – 17:30-да.

«Ақтөбе» – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лигасы жеңімпазы: 2018/2019


Ақтөбе баскетбол клубы 2020/2021

Ұлттық лиганың негізгі додасында біздің команда Ақтөбе баскетболшыларымен төрт рет кездесіп, төртеуінде үстемдік танытты. Алдағы ойында да Эмиль Райковичтің шәкірттері сөзсіз фаворит болады.

Команда көшбасшылары: Қазақстан кубогы додасына легионерлер қатыстырылмайтындығын ескерсек, ақтөбеліктерге америкалық Кент Хансон мен ливандық Табет Митчел, өзбектер Эмир Азизов пен Бахтиер Насриддинов, сондай-ақ ресейлік Владислав Гусак көмектесе алмайды. Ал Қазақстан ойыншыларынан Василий Петришинец, Александр Папшив, Сергей Борматенко және Станисла Рововой ақтөбеліктердің көшбасшылары болып есептеледі.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Ақтөбе” ел кубогы додасында бір ойын өткізіп үлгерді. Олар Қостанайдың “Тобылымен” додаға түсіп, ойсырай ұтылып қалды – 80:108. Сөйтіп, “Ақтөбе” дәл қазір «А» тобының аутсайдері болып есептеледі. «Астана» үшін бұл 2021 жылғы Қазақстан кубогындағы бірінші ойын болады.

Матч жұма күні, яғни 12 наурызда Щучинскідегі «Жақсы-2» спорт базасы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»