«Астана» баскетбол клубы ел чемпионатының Ұлтық лигасы аясында «Алматы Легионымен» өткен матчтарды ірі жеңіспен тәмамдап, қарсыласын кезекті рет ойсырата жеңді.
Бүгінгі ойында да, тура кешегідей, есепті Роберт Пан ашты, тек бүгін “Алматы Легионы” бірден нәтижелі шабуылымен жауап берді. Әйтсе де, біздің команда ойын тізгінін тез арада өз қолдарына алды және есеп айырмасын ұлғайта бастады. Алғашқы кезеңнің бел ортасына қарай сол баяғы Роберт Пан елорда басымдығын екі таңбалы санға жеткізді. Алайда алматылықтар еңсе тіктей алып, екі шабуылдарымен есеп айырмасын екі есе қысқартты. “Астана” оларды лезде тойтарып, бірінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда Николай Бажин есеп айырмасын қайтадан екі таңбалы санға жеткізді. Ал бұл кезең елордалықтардың үстемдігімен аяқталды – 29:13. Екінші кезең аса тартысты және нәтижелі болмады – екі команда да үш минутқа жуық уақыт бойы ұпай еншілей алмай, дал болды. Голсыз өтіп жатқан тыныштықты алматылықтар бұзды. Ал “Астана” тағы екі минуттай қонақтарының шығыршығын дәл көздей алмай, сергелдеңге түсті. Содан Вадим Щербак допты алыстан нысанаға дөп түсіріп, бұдан кейін біздің жігіттер түлеп сала берді. Әрі көсіле сілтеді. Кезеңнің аяқталуына екі минуттай уақыт қалғанда Роберт Пан есеп айырмасын жиырма ұпайға жеткізді. Әрі кездесудің бірінші жартысының соңғы ұпайларын да сол еншіледі – 48:26.
Шығыршық ауыстырған соң дода көрігі біршама бәсеңсіп, командалар терезесі тей ойын өрнегін көрсете бастады. Үшінші кезеңнің бастапқы бес минутында астана командасының басымдығы жиырма ұпай шамасында сақталып тұрды. Бірақ бұдан кейін біздің жігіттер қарқындарын үдете бастады. Жалпы, үшінші онминуттық екі ұжымның орындауында да аса нәтижелі болып шықты. Әрі бұл кезеңде де біздің жігіттер басым түсіп, есеп айырмасына небәрі бес ұпай қосты – 74:47. Бұл матчта қай команданың жеңіске жететіндігін ойын басталмай тұрып та, болжау қиын болмаған, әрі отыз минут ойын уақытынан кейінгі 27 ұпай айырмасы сол жорамалды теріске шығармады. “Астана” қарқынын бәсеңдетпей, жеңіске қарай адымдай түсті. Соңғы кезеңнің бір жарым минуты өткенде Руслан Айтқали астана басымдығын отыз ұпайға жеткізді. “Легион” шамасының жеткенінше тайталасып бақты, әрі ақырғы он минуттың басым бөлігінде табан тіресе додаға түсті. Ал біздің команда алысқа қара үзіп кетіп, жүйкелерін жұқартпай, сабыр сақтады. Сөйтіп, біздің команда жүздікке бір сүйем жетпей, тағы бір ірі жеңіске қол жеткізді – 98:61.
Салдары: Ұлттық лигада “Астананың” ұпайы түгел, оған 14 ойында 14 рет жеңіске жеткені дәлел бола алады. Ал “Алматы Легионы” турнир кестесінің төртінші сатысында қала береді.
Ең көп ұпай еншілегендер:
Келесі матч: «Астана» Щучинскіден елордаға оралып, 31 қаңтар күні, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Саратовтың «Автодорымен» өтетін ойынға дайындықты бастайды. Ал Ұлттық лигада 6 және 7 ақпан күндері түзде, «Ақтөбемен» додаға түсіп, қарымта қос ойынын өткізеді.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |