«Астана» ескі жылды өз алаңында «Зенитпен» шығарып салады

25.12.2020, 13:15    Оқылғаны: 444
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Тарих қойнауына еніп бара жатқан жыл соңында «Астана» баскетбол клубы Петербордың «Зенитін» қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы қарымта матчын өткізеді. Екі ай бұрын, түзде, біздің жігіттер Нева жағалауындағы командадан ойсырай ұтылып алған, енді соның есесін қайтаруға тырысады. Матч сенбі күні, яғни 26 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! — Матч көрерменсіз, бос трибуналарда өтеді.​

«Зенит»
 – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан. 2014 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еуролига додасында да өнер көрсетеді.

Жетістіктері:
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2016-2018 
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2015/2016

Зенит баскетбол клубы 2020/2021

“Зенит” – ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында “Астана” қарымта кездесуін өткізетін бірінші команда. Қарсыласымыздың алаңында, яғни 1 қараша күні Санкт-Петербургте өткен бірінші матчта біздің команда ойсырай ұтылып қалған – 85:52. Дәл қазір бұл «Астана» үшін биылғы маусымдағы маңызды жеңіліс болып тұр. Петерборлықтар сол кездесуден бері 15 ойын өткізді. Бірақ “Зенит” оның тек үшеуін ғана ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өткізіп, қалған 12 матчты Еуролига додасында өткізді – 5 жеңіліс, 7 жеңіс. Санкт-Петербург командасы ВТБ Бірыңғай лигасындағы сол үш ойынының екеуінде жеңіске жетті. Атап айтқанда, түзде “Зелена Гураны” күйрете жеңіп, өз алаңында УНИКС жігіттерін де тізе бүктірді. Ал түзде өткізген соңғы ойынында “Зенит” “Локомотив-Кубань” клубынан оңбай ұтылып қалды. Бұл «Зениттің» ВТБ Бірыңғай лигасындағы бірінші және әзірше жалқы жеңілісі болды.

Турнир кестесіндегі жағдай:

“Зенит” қазір турнир кестесінде көш бастап келеді, олар сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жеткен. Іс жүзінде ВТБ Бірыңғай лигасының басы петерборлық команда үшін аса қиын болған жоқ. Олар «Астанадан» бөлек екі рет “Зелена Гурамен” кездесіп, екеуінде де басым түсті. Сондай-ақ, “Химкиді” ұтып, “Калев” пен “Цмоки-Минск” командаларын да тізе бүктірді. Әрі УНИКСпен өткен маңызды матчта жеңіске жетті. Соңғы матчта “Локомотив-Кубань” ғана “Зениттің” жеңісті жолын үзді. Ал “Астананың” жағдайы аса жақсы емес. Біздің жігіттер тоғыз маттчың үшеуінде ғана жеңіске жетіп, турнир кестесінің оныншы сатысында тұр. Олар осы тоғыз ойынның екеуін ғана өз алаңында өткізді. Алайда екеуін де де жеңіліске ұшырап, ЦСКА мен “Нижний Новгородқа” жол берді. Біздің команда түзде өткізген жеті ойынының үшеуінде жеңіске жетті. “Зенитпен” өтетін матч биылғы маусымда, өз алаңымызда, ысқырығы безілдейтін үшінші ойын ғана болады. Қарсыласымыз өте азулы болса да, “Астана” «өз алаңында айбынды» команда деген атына селкеу түсірмейді деп үміттенеміз. Егер Эмиль Райковичтің командасы жеңіске жетсе, онда тоғызыншы орынға көтеріледі, ал ұтылып қалса, оныншы орында қалады.

Команда құрамындағы өзгеріс:

1 қарашадан бастап “Зенит” сапында ешқандай өзгеріс болған жоқ.

Команда көшбасшылары:

Команданың көшбасшылары: орталық шептегі Литва саңлағы Артурас Гудайтис – ең тиімді ойыншы және америкалық қорғаушы Билли Бэрон – ең көп ұпай жинаған ойыншы. Айтпақшы, бұл екі ойыншы қараша айында “Астанамен” өткен матчта ойнаған жоқ болатын. “Зениттің” тағы бес ойыншысы әрбір ойында он екі және одан да көп ұпай жинап, тиімділіктерімен көзге түсіп жүр – шабуылшылар Матеуш Понитка, Алекс Пойтресс және Андрей Зубков, сондай-ақ қорғаушылар Остин Холлинс пен Кевин Пангос. Кей Си Риверс және Виталий Фридзон сынды қорғаушылар, сондай-ақ шабуылшы Уилл Томас бастапқы бестікте ойнайды.

Матч сенбі күні, яғни 26 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде, сонымен қатар QazSport телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»