Эмиль Райковичтің командасы бірінші ойында «Алматы Легионын» тізе бүктірді

09.12.2020, 10:00    Оқылғаны: 382
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
“Астананың” оңтүстік астанаға жолы түспей, “Алматы Легионына” қонаққа бармағанына бір жылдан асып кеткен еді. Алматылықтар осы ойынның алдында турнир кестесінің екінші сатысында тұрған және біздің командаға жеңісті қолдан берместері анық еді. Ал елорда ұжымы Алматыға фаворит ретінде барды. Эмиль Райкович бұл ойында алаңға легионерлерден Девин Марбл мен Джеремайя Хиллді шығарды.

Ойынның басында біздің команда толықтай үстемдік көрсетті. Бұл матчта Дэвин Марбл есеп ашып, ал Роберт Пан үш ұпайлық добымен қоса, екі айып соққысын да мүлтіксіз орындап, біздің команда бірден қара үзіп кетті. Дмитрий Гаврилов пен Максим Марчук ойынның төртінші минутында есеп айырмасын 13 ұпайға жеткізді. Ал алаң иелері болса, бірде-бір ұпай еншілей алмай, қара терге түсті. Алматылықтар матчтың төртінші минутының соңында ғана шығыршықты дәл көздеп, біздің ойыншылармен тайталаса бастады. Содан бірінші кезеңнің соңына дейін доп додасы біршама тең деңгейде өтті. Осы уақыт аралығында таблодағы команда қоржынына Джеремайя Хилл, Рустам Мырзағалиев, Антон Пономарев және Асқар Майдекин ұпай қосты. Ал Вадима Щербак екі мәрте үш ұпайлық соққысымен бірінші кезеңнің нүктесін қойды – 16:31. Біздің жігіттер алға ұзап кетті. Екінші кезеңні бастапқы минуттарында “Астана” 15 ұпай басымдықты уысынан шығармай, ұстап тұрды. Бірақ “Алматы Легионы” еңсесн түсірмей тайталасып, тіпті ойын тізгінін өз қолдарына ала бастады. Біздің команданың басымдығы ешқайда кеткен жоқ, бірақ кезеңнің бел отасына қарай екі еседей қысқарып, сегіз ұпайды құрады. Әйткенмен, Джеремайя Хилл, Вадима Щербак және Роберт Панның еншілеген ұпайлары тез арада “Астана” басымдығын 14 ұпайға дейін жеткізді. Матчтың бірінші жартысының соңына дейін “Легион” тағы да есеп айырмасын қысқарта түсті, бірақ үлкен үзіліске командалар 11 ұпай айырмасымен шықты – 39:50.

Руслан Айткали

Алаң иелері шығыршық ауыстырғаннан кейін де тайталасып, біздің команданың алысқа үзап кетуіне жол берген жоқ. Ал есеп айырмасы болса, үшінші кезеңінің бастапқы бес минутында он сегіз ұпайға дейін ұлғайып, “Астана” атой салды. “Легионерлер” өрнекті ойын өрнегін көрсетіп, үшінші кезеңнің бес минут уақыты өткенде, он екі ұпай айырмасымен ұтылып жатты, яғни бес минут ішінде бір ғана ұпай есе жіберді. Алматылықтар тіпті өздерінің ойын өрнектерін жетілдіре түсіп, үшінші кезеңінің аяқталуына екі минут жиырма секунд қалғанда, есепті біршама қысқартып, тоғыз ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Әрі дода көрігі мейілінше қыза түсті. Алайда Девин Марбл, Максим Марчук және Асқар Майдекин еншілеген ұпайлар “Астана” басымдығын қайтадан екі таңбалы санға жеткізді. Осылай үшінші кезең 13 ұпай айырмасымен аяқталды – 60:73. Ал төртінші кезеңде астана командасы алаң иелерінің адымдарын аштырмай, екі минуттың ішінде есеп айырмасын жиырма ұпайдан да асырды. Әрі біздің жігіттер мұнымен тоқталған жоқ, алматылықтырды қыспаққа ала түсті. Соңғы кезеңнің ортасына қарай Джеремайя Хилл біздің басымдығымызды отыз ұпайға жеткізді. Алаң иелерінің төртінші кезеңде ойындары мүлде үйлеспей, олар тізгінді біздің командаға беріп қойды. Матчтың аяқталуына отыз ұпаймен қара үзіп кеткен “Астананың” бұл ойында жеңіске жететіндігін меңзеп тұрды. Ойынның аяқталуына екі жарым минут қалғанда Андрей Литвиненко біздің команданың ұпай қорын жүзге жеткізді. Ал “Астана” отыз бес ұпай айырмасынан да артық есеппен ұтып жатты. пяти очков. Бұл матчтағы соңғы ұпайларды Антон Пономарев еншілеп, есепті түйіндеді – 67:107.

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана» – бұл ойында астана командасының алаңға шыққан ойыншылары түгелдей ұпай еншіледі. Ал ең көп ұпай жинаған ойыншымыз Асқар Майдекин болды – 22 ұпай. Сонымен қатар, ол 5 рет доп қағып алды және 3 нәтижелі пас берді. Джеремайя Хилл өз еншісіне 15 ұпай жазып, 5 рет доп қағып алды, 3 пас беріп, 3 рет допты тартып әкетті. Девин Марбл мен Роберт Пан 13 ұпайдан еншіледі, бірақ Роберт онымен шектелген жоқ, 6 рет доп қағып алды. Антон Пономарев 12 ұпай олжалап, 7 рет доп қағып алды және 4 рет допты тартып әкетті. Ал Максим Марчук небәрі 3 ұпай еншілесе де, 13 рет доп қағып алды және 3 пас беріп, 3 рет допты тартып әкетті.
  • «Алматины Легионы» – алматылықтар сапында ең көп ұпай жинаған Роман Лагутин болды – 27 ұпай, 4 рет доп қағып алды және 2 рет допты тартып әкетті. Ал Дмитрий Свиридов 8 ұпай еншілеп, 12 рет доп қағып алды.

Салдары: “Астана” әлі жеңілістің кермек дәмін тапып көрмей, Ұлттық лигада көш бастап келеді. Ал “Алматы Легионы” бүгінгі жеңілісінен соң, екінші орыннан айырылып қалып, алдарына “Атырау Барыстарын” шығарып алды.

Келесі матч: «Алматы Легионымен» өтетін екеуара екінші ойын ертең, яғни 9 желтоқсан Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт залы алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 20:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»