«Астана» оңтүстік астанада «Алматы Легионымен» додаға түседі

07.12.2020, 13:00    Оқылғаны: 353
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының оңтүстік астанаға барған соңғы сапарына да бір жылдан асып кетті. Осындай ұзақ үзілістен кейін біздің команда «Алматы легионымен» Ұлттық лигада аясында түзде, 8 және 9 желтоқсан күндері кездеседі. Екі матч та Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт залы алаңында өтеді. Басталулары – астана уақытымен 20:00-де.

«Алматы Легионы» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Алматы қаласынан, 2006 жылы құрылған «Алматы» баскетбол клубының құрамына енеді.

Жетістіктері:

  • Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы — 2015, 2016
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының чемпионы — 2017/2018
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының күміс жүлдегері — 2016/2017
  • Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері — 2007/2008, 2014/2015
  • Қазақстан Ұлттық лигасының қола жүлдегері — 2008/2009


Команда құрамы: 

Былиырғы маусымда, қаржы мәселесіне байланысты, команданың негізгі құрамы Ұлттық лига додасына қатысқан жоқ, клуб тек екінші құрамын Жоғарғы лигаға қосты. Биылғы маусымда алматылықтар бұған дейін «Легиондарда» ойнаған ойыншылардың көбісін құрамдарына тартты. Бірақ біз жаңа ойыншыларынан бастайық. Ресей қорғаушысы Сергей Марихин бұған дейін “Нижний Новгород” клубының намысын қорғаған және 2017 жылғы қаңтар айында “Астанаға” қарсы ойнаған. Одан кейін “Рязань”, “Динамо” (Ставрополь) және “Зенит 2” командалары сапында өнер көрсетті. Бірақ ол алиатылықтар сапына тіркелгенімен, биылғы маусымда әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ. Александр Кодола – тәжірибелі украин қорғаушысы, Мәскеуде туған. Ол “Кировогрд” және “Житомир” сапында Украина бірінші лигасының жеңімпазы болған, жеті жылдың ішінде. Сондай-ақ 3х3 баскетболында ерекше көзге түсіп, 2019 жылы PRO санаты бойынша және 2020 жылы Украина чемпионаттарының алтын жүлдесін жеңіп алған. Әрі 3х3 баскетболынан Украина чемпионатының суперлигасында күміс жүлдегер атанған. Сонымен қатар, алматылықтар сапында қазір ресейлік қорғаушы Роман Лагутин ойнайды. Ол осыдан екі маусым бұрын алматылықтардың намысын қорғаған. Ал оған дейін “Автодор”, “Спартак” (Санкт-Петербург) және “Иркут” сынды Ресей клубтарында өнер көрсеткен. Ал былтырғы маусымды Көкшетаудың “Синегорье” командасында өткізді. “Легиондар” сапындағы енді бір легионер – өзбекстандық орталық шеп ойыншысы Дмитрий Свиридов. Оның Қазақстан баскетболының өз ойыншысына айнала бастағанына да біраз жыл болды. Дмитрий кезінде Беларусьтің “Гродно 93” және “Минск”, Словенияның “Хопси” және Косовоның “Беса”, сондай-ақ Грузияның “Цхалтубо” командалары сапында ойнаған. Бірақ соңғы сегіз жылда толықтай дерлік Қазақстанда ойнап, “Атырау Барыстары”, “Қапшағай”, “Каспий” және “Алматы Легионы” командаларының намысын қорғады.



Қазақстан ойыншылары ішінен, әрине, орталық шептегі Всеволод Фадейкин мен шабуылшы Роман Марчукті бөле-жара атап өтуге болады. Екеуі де кезінде “Астана” сапында ойнаған. Бірақ Роман Марчук қазір “Легион” сапында үнемі ойнап жүр де, Фадейкин әзірше бірде-бір ойын өткізбей, команданың қағаз жүзіндегі ойыншысы ғана болып отыр. Команданың қазақстандық негізгі күші Вадим Коржов, Темірлан Жүнісов, Никита Тимофеев, Әнуар Шәкіров және Константин Марзан сынды ойыншылар болып саналады, ал Даниеэль Альбрант пен Максим Раковских “Алматы Легионы” сапыда әлі алаңға шыққан емес. Сонымен қатар, клубтың екінші командасы бар, биыл олар Жоғарғы лигада ойнайды – “Алматы Легионы 2”. Олардың сапынан негізгі құрамға көмек ретінде Станислав Сахипов жиі тіркеліп отырады. Бір рет Вадим Фабрикантов та тіркелген.

Бас бапкер: 

Биылғы маусымда «легионерлердің» тізгінін Ресей маманы Олег Киселев ұстады. Ол бұған дейін де Алматы командасын жаттықтырған. Ал оған жас жаттықтырушы Леонид Воронушкин көмектеседі. Биылғы маусымда ол алғаш рет бапкер ретінде бақ сынап отыр. Леонид бұған дейін “Алматы Легионының” ойыншысы болған.

Команда көшбасшылары: 

«Легион» ардагері Дмитрий Свиридов – дәл қазір алматылықтардың ең тиімді және көп ұпай еншілеген ойыншысы. Енді бір көшбасшысы – Роман Марчук. Сонымен қатар, Вадим Коржов пен Роман Лагутин де команданың негізгі күштері болып саналады. Негізгі құрам ойыншылары ретінде Александр Кодола, Әнуар Шәкіров, Темірлан Жүнісов және Никита Тимофеевті де атап өтуге болады. Ал Константин Марзан мен Станислав Сахипов алаңға жиі қосылып отырады.

Кездесулер тарихы: 

Қазақстан чемпионаттары аясында “Астана” “Алматы Легионымен” 13 рет кездесті. Сонымен қатар, бір рет Қазақстан кубогы аясында жолдары түйісті. Жалпы, бұл ретте астана командасы үстемдік танытып келеді – 14 ойын, 14 жеңіс.

Турнир кестесіндегі жағдай: 

“Астана” дәл қазір Қазақстан чемпионатында үстемдік құрып, сегіз ойынның сегізінде де жеңіске жетіп, бірінші орында көш бастап келеді. “Алматы Легионы” қазір турнир кестесінің екінші сатысында тұр. Олар сегіз ойынның екеуінде ұтылып қалды. Алдағы екі ойын алматылықтардың турнир кестесіндегі жағдайына айрықша әсер етеді. Олардың бірінші орынға шығып кетуге болатын да мүмкіндіктері бар. Бірақ ол үшін екі матчта да жеңіске жету керек. Ал егер екі рет ұтылса, онда олар үшінші орынға сырғиды.

Қызықты деректер

  • “Алматы Легионының” қазіргі бас бапкері Олег Киселев кезінде “Атырау Барыстарын” жаттықтырып, “Астананы” 2015/2016 жылдар маусымында Қазақстан чемпионы атағынан айырған.
  • Қазір “Алматы Легионы” сапында команда көшбасшыларының бірі болып жүрген Роман Марчук осыдан бірер жыл бұрын “Астана” сапында ойнаған, әрі ол – астана командасының шабуылшысы Максим Марчуктің ағасы.


Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері – 8 және 9 желтоқсанда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт залы алаңында өтеді. Екі матч та астана уақытымен 20:00-де басталады. Матчтардың онлайн-трансляциялары сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»