«Астана» елордадағы екінші ойында «Каспийді» күйрете жеңді

27.10.2020, 15:00    Оқылғаны: 607
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Каспийге» қарсы үй сериясының екінші матчында елордалық «Астана» қайтадан айқын фаворит болды және Ұлттық лига маусымында екінші жеңіске жетуге дайын болды.. Бүгінгі ойында да «Астана» фаворит болып, Ұлттық лиганың биылғы маусымындағы екінші жеңісіне де қол жеткізуге дайын болды. Бұл матчта Эмиль Райкович команда құрамына басқа легионерлерді қосты. Әрі бұл екеуінің де Ұлттық лигадағы бірінші ойындары еді. Олар – Майкл Томпсон және Дэвин Марбл. Ал Дэвин үшін бүгінгі матч «Астана» сапындағы тырнақалды ойын болды.

Бұл ойында есепті қонақтар ашты. Бірақ «Астана» қонақтарын тез қуып жетіп, іле-шала Дмитрий Гаврилов пен Роберт Панның соққыларынан кейін алға да шықты. Бірінші кезеңнің соңында Рустам Мырзағалиев астана командасының басымдығын екі таңбалы санға жеткізді. Матчтың бірінші ширек бөлігінде «Астана» 21 ұпай жинады. Ең бастысы, қонақтарының 11 ұпай еншілеулеріне ғана мүмкіндік берді. Сөйтіп, 10 ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Екінші кезең біріншісінің қайталануы болды: «Астана» қорғаныста сауатты ойнап, ақтаулықтардың ұпай еншілеулеріне мүмкіндік берген жоқ. Ал өздері шабуылда тиімді қимылдады. «Каспий» біздің ойыншыларға төтеп бере алмай, дал болды. Екінші кезеңнің басталғанына бес минуттан да аз уақыт өткенде, Асқар Майдекин сары-көкшіл жейделілердің басымдығын 20 ұпайға жеткізді. «Каспий» ойынның бірінші жартысының соңғы бес минутында таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ Эмиль Райковичтің шәкірттері олардың серпілістерін су сепкендей басып, матчтың бірінші жартысында басым түсті – 41:21.



Үлкен үзілістен кейін «Астана» қарқынын үдете түсіп, ұпай қорын молайта бастады. Біздің жігіттер ширақ қимылдап, есеп айырмасын ұғайта берді. «Каспий» ойын тізгінін уыстарынан түпкілікті шығарып алып, біздің командамен тайталасудан қала бастады. Ойынның үшінші ширек бөлігінің аяқталуына үш минут қалғанда Антон Пономарев есеп айырмасын отыз ұпайға жеткізді. Қалған минутарда «Астана» есеп айырмасын одан әрі ұлғайта түсіп, отыз минуттық ойын уақытынан кейін қонақтарын екі есе басымдықпен ұтып жатты – 35 ұпай айырмасымен. Дода көрігі осымен тәмамдалып, біздің команданың жеңіске жететіне енді ешкім де шүбә келтіре алмастай болды. «Астана» төртінші кезеңді өте нәтижелі өткізіп, 35 ұпай айырмасымен ұтып жатса да, мұның алдындағы кезеңдерден де асып түсті. Ал ақтаулықтар үшін бұл кезең тым сорақы болып шықты. Олар небәрі 9 ұпайды қанағат тұтты, ал біздің команда 29 ұпай олжалады. «Астана» жүз ұпайлық межеге бір қадам жетпей тоқтады, әрі қарсыласын күйрете жеңді – 99:44.

Ең көп ұпай еншілегендер: 
  • «Астана» – Майкл Томпсон бұл ойында 12 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алды және 2 пас берді. Ал біздің командада ең көп ұпай жинаған Асқар Майдекин болды – 16 ұпай және 3 рет доп қағып алды. Дмитрий Гаврилов 11 ұпай еншілеп, 8 рет доп қағып алды және 2 рет допты қиып әкетті. Роберт Панның еншісінде – 13 ұпай.
  • «Каспий» – қонақтар сапында Колин Доэрти ерекше көзге түсті – 17 ұпай, 4 рет доп қағып алды және 4 пас. Ал Денис Орленконың еншісінде – 10 ұпай және 7 рет доп қағып алды.

Салдары: «Астана» Ұлттық лиганың басындағы қос кездесуінде де жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. «Каспий» үшін биылғы маусым әзірше екі жеңілістен құралып тұр.

Келесі матч: «Астана» келесі ойынын 1 қараша күні Санкт-Петербургте, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, жергілікті «Зенит» клубымен өткізеді.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»