Қазақтың клубы Қазанның командасын қабылдайды

04.10.2016, 12:30    Оқылғаны: 587
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 5 қазан күні «Астана» Президенттік баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасындағы екінші ойынын Қазанның «УНИКС» клубымен өткізеді. Бұл командамен біздің клуб жақсы таныс әрі екеуара кездесулердің бірң де шектен тыс шиеленісті өтеді. Өткен маусымда Қазан командасы ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Бұл команданың шама-шарқын осымен-ақ бағамдай беруге болады. 

Қарсылас жайлы мәлімет:

«УНИКС» (Ресей, Қазан) баскетбол клубы 1991 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007. 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/14. 
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014. 
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/04. 
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/11. 
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/03. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/10, 2011/12, 2015/16 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11

ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымдағы алғашқы ойынында жеңіске жеткен астаналық ұжым Евгений Пашутиннің командасымен де табан тіресе додаға түспек. Ойын өте қызықты және шектен тыс тартысты өтетіні анық. Астана командасын сіз де қолдаңыз!

Матч «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Басталуы – 20:00. Кіру тегін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»