«Астана» Президенттік баскетбол клубы америкалық қорғаушы Стефан Холтпен келісімшартқа отырғанын жариялайды.
Стефен Холт 1991 жылы 6 желтоқсанда Портлендте туған, Орегон штаты, АҚШ – америкалық кәсіпқой баскетболшы, шабуылдаушы қорғаушы шебінде ойнайды.
Стефен – астана командасының жанкүйерлеріне былтырғы маусымдағы өнерімен жақсы таныс. Ол біздің командаға 2018 жылы 5 желтоқсанда қосылып, маусым аяғына дейін ойнаған. ВТБ Бірыңғай лигасында 21 матч, ал Ұлттық лигада 14 ойын өткізген болатын.
Холт екі турнирде де алаңда орта есеппен 26 минуттан өткізіп, команда қоржынына бір ойында ВТБ Бірыңғай лигасында 11,3 ұпайдан, ал Қазақстан чемпионатында 13,6 ұпайдан салып отырды. Шығыршық түбіндегі ойынына келсек, онда Ұлттық лигада орта есеппен бір матчта 3,4 рет, ал ВТБ лигасында тұп-тура 3 рет қайтқан допты қағып алып отырған-ды. Қарсы команданың добын тартып алудан да көрсеткіші осы іспеттес, орта есеппен бір ойында – 3 рет. Ал пас беруден тиімді ойыншы ретінді ол өзін тағы да Қазақстан чемпионатында паш етіп, орта есеппен 3,9 пас беріп отырды. ВТБ Бірыңғай лигасындағы бұл көрсеткіші – 2,2. Сонымен қатар, Стефен Ұлттық лига маусымының қорытындысы бойынша ТОП-сұрмергендер тізіміне іліккен болатын.
Маусым аяқталған соң, 2019 жылғы 26 маусым күні Холт Словения лигасындағы «Sixt Primorska» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған болатын. Алайда жаңа маусымның басталғанына үш айға жуық уақыт өткен соң астана командасының құрамына қайта оралды.
Стефен туралы толық статистикалық мәліметтер мен оның жетістіктері ойыншы профилінде жарияланған. Сондай-ақ біз оның Instagram желісіндегі аккаунтына жазылуды ұсынамыз.
Стефенге тезірек ұжымға бейімделіп, біздің жаңа ойыншылармен тіл табысып кетуіне тілектеспіз. Әрі, әрине, оны «Астананың» сары-көкшіл жейдесімен алаңда көруге асықпыз.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |