«Астананың» Ұлттық лигадағы бірінші қонағы – «Синегорье»

21.10.2019, 18:00    Оқылғаны: 900
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Көпшіліктің өтініші бойынша, «Астана» Президенттік баскетбол клубы маусым абонементтерін сату кезеңін 31 қазанға дейін ұзартты. Алдын-ала тапсырыс беру және сатып алу клуб серіктесінің, яғни «Easy Bounce» баскетбол дүкенінің сайтында және шоу-румында жүзеге асырылады. Толық мәліметтер – сілтемеде.
«Астана» Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лиганың жаңа маусымдағы қос ойынын бірінші рет өз алаңында өткізіп, Көкшетаудың «Синегорье» клубын қабылдайды.

«Синегорье»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионаты Жоғарғы лигасының қола жүлдегері: 2017/2018.
Баскетбольный клуб Синегорье 2019/2020

Көкшетау командасының тізгінін биыл Олег Киселев қолына алды. Өткен маусымдарда ол «Алматы Легионын» жаттықтырған, сондай-ақ «Атырау Барыстары» мен «Каспий» клубтарының бас бапкері болған. Айта кету керек, былтырғы маусымда «Синегорьені» Андрей Меховых жаттықтырған болатын. Ал ол бірнеше маусым бойы астана командасының бапкерлері құрамында болған. Маусым аралығында Көкше командасы сапынан «Астананың» бұрынғы ойыншысы Денис Дегтярев, сондай-ақ «алыптарының» бәрі, яғни Александр Данильченко, Михаил Евстигнеев және ресейлік Сергей Дубинин кетіп қалды. «Синенгорье» көкшетаулық ойыншыларын, сонымен қатар, ойын үйлестірушісі Азим Ягодкинді сақтап қалды. Жаңа ойыншыларына келер болсақ, құрамын орталық шептегі тәжірибелі екі баскетболшымен толықтырды – украин Станислав Завадский және Дмитрий Свиридов «Легионнан». Сондай-ақ «Синенгорьеге» Алматы командасының былтырғы құрамынан қорғаушы Вадим Коржов, шабуылшы Роман Марчук және тағы бір шабуылшы, ресейлік Роман Лагутин келді. Бұларға қоса, «Тобылдан» Василий Петришинец ауысты.

Кездесулер тарихы: «Синегорье» Ұлттық лигада былтырдан бері ғана ойнап жүр. Әрі «Астана» мен Көкшетау командасы бірінші рет өткен маусымда кездесті. Былтыр екі ұжым 6 мәрте Ұлттық лига аясында және бір рет Қазақстан кубогы додасында жолықты. Жеті ойынның бәрінде де астана командасы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қарсыласына ешқандай мүмкіндік берген жоқ.

Турнир кестесіндегі жағдай: «Астана» «Каспиймен» өткен алғашқы екі ойыннан соң Ұлттық лигада көш бастап келеді, ал «Синегорье» соңғы орында тұр. Әрі, әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ. Яғни Нұр-Сұлтанда биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді.

Қызықты деректер:
  • Екеуара соңғы ойында «Астана» 129 ұпай жинап, сонау 2011/2012 жылдар маусымында орнатқан, бір матчтағы өз рекордын қайталады.
  • «Синегорь» командасының бас бапкері Олег Киселев –астана командасын Қазақстан чемпионы атағынан айырған жалғыз жаттықтырушы. Бұл 2015/2016 жылдар маусымында, Олег Киселев «Атырау Барыстарын» жаттықтырып жүрген кезде жүзеге асқан.

«Астана» үшін бұл Ұлттық лига аясында, өз алаңында өткізетін алғашқы матчтар болады. «Синегорье» биыл өз ойынын әлі көрсетпесе де, Нұр-Сұлтандағы матчтарда, сөз жоқ, «Астана» фаворит болып саналады.

Матчтар бейсенбі және жұма күндері – 24 және 25 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Матчтардың басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Кіру тегін.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, астана командасының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңында өтетін келесі ойындарына билетер сатыла бастады – 4 қарашада Петербордың «Зенитімен» және 9 қараша күні Белорустің «Цмоки Минск»  клубтарымен өтетін матчтарға.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»