«Ритаспен» өткен жолдастық кездесуде «Астана» жеңіліске ұшырады

18.09.2019, 18:00    Оқылғаны: 648
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы биылғы оқу-жаттығу жиыны аясында Литва астанасы Вильнюсте болып, жергілікті «Ритас» баскетбол клубымен жолдастық кездесу өткізді.

Литва командасы сонау 1963 жылы құрылған және 1997 жылға дейін «Статиба» деп аталған. Бұдан кейін 20 жыл бойы «Летувос Ритас» деп аталып келді, ал 2017 жылдан бастап жай ғана «Ритас» деген атауға ие болды. «Статиба» ретіндегі өз тарихында 6 рет Литва КСР чемпионы болып, и 12 мәрте күміс жүлдегері атанды. 1979 жылы КСРО чемпимонатының қола жүлдесін жеңіп алды. Қазіргі тарихында, яғни «Летувос Ритас» және «Ритас» ретінде 5 дүркін Литва чемпионы болып, 13 мәрте екінші орынды еншіледі және 4 рет қола жүлдені иеленді. Сонымен қатар, 5 мәрте Литва кубогын және Миндаугас королі кубогын жеңіп алды. Аймақтық додаларда «Летувос Ритас» «Солтүстік-Еуропа баскетбол лигасының» жеңімпазы атанып, үш рет «Балтық баскетбол лигасында» топ жарды. Сонымен қатар, бұл команда 4 маусым «ВТБ Бірыңғай лигасында» өнер көрсетіп, бір рет қола жүлдеге қол жеткізді. Әрі тұрақты түрде дүбірлі еуропалық лигалар мен кубок додаларына қатысып жүр. Өткен маусымда «Ритас» Литваның вице-чемпионы болып, Миндаугас королі кубогының иегері атанды. Халықаралық аренада олар Еуропа кубогының ширек финалына дейін жетті. «Летувос Ритас» ВТБ Бірыңғай лигасында 4 маусым өнер көрсеткенімен, «Астанамен» екеуінің жолы 2012/2013 жылдар маусымында ғана екі мәрте түйісті. Онда «Астана» литвалық ұжымды өз алаңында ұтып, түзде ұтылып қалған болатын. Бұдан кейін бұл екі команда тағы да екі рет кездесті: 2015 жылы Гарастас кубогында «Летувос Ритас» «Астанадан» айласын асырып, 2017 жылы өткен жолдастық кездесуде де басым түсті.

Литва баскетболшылары бұл ойында өз алаңдарында ойнап, тартысты өткен бірінші кезеңде 5 ұпай айырмасымен алға шықты. Екінші кезеңде алаң иелері есеп айырмасын одан әрі ұлғайта түсіп, үлкен үзіліске дейін олардың басымдығы 10 ұпайдан да асып кетті. Үшінші кезеңнің басы біздің қарсыластарымыз үшін өте сәтті өтіп, 5 минуттың ішінде есеп айырмасын тағы 10 ұпайға ұлғайта түсті. Сөйтіп, үш кезеңнен кейін «Ритос» есеп айырмасын 20 ұпайдан артық шамаға жеткізді. Соңғы кезең мейілінше тең дәрежеде өтті. Осылайша, бұл ойында «Ритос» жеңіске жетті – 100:76 (23:18, 30:23, 25:16, 22:19).

«Астана» сапында Малкольм Хилл (13 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 4 пас және 3 рет допты тартып алды) және Душан Ристич (10 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 1 пас, 1 рет допты тартып алды және 2 блокшот) үздік шықты. Қазақстандықтар арасында Вадим Щербак үздік болды (9 ұпай, 1 рет доп қағып алды, 2 пас).
«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»