«Астана» өз алаңында ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатындағы соңғы ойынын өткізеді

17.04.2019, 18:00    Оқылғаны: 712
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Алдағы жексенбі күні, 21 сәуірде, «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Красноярскінің «Енисей» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізеді.

«Енисей» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск қаласынан, 1981 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Ресей суперлигасының Б дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2011

Биылғы маусымдағы түзде өткен ойында «Астана» «Енисейге» есе жіберіп алған болатын. Есеп – 93:84. Дәл қазір «Енисей» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде тоғызыншы орынды иемденіп тұр. Олар 23 ойынның 9-ында жеңіске жетті. Ал елорда командасы, яғни «Астана» 24 ойынның 14-ін жеңіспен аяқтап, алтыншы орында тұр.

Жанашыр жанкүйерлеріміздің бәрін алдағы жексенбі күні, 21 сәуірде, «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарынан күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»