Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан кубогында ел чемпионын қара терге түсірді
Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан кубогында ел чемпионын қара терге түсірді
03.04.2019, 08:00 Оқылғаны: 862
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор: Игорь Свирипа
Алматыда ерлер арасындағы Қазақстан кубогы басталып, аталмыш доданың «Тобыл» мен «Астана» арасындағы бірінші матчы шектен тыс қызықты өтті. Қостанайлықтар ел чемпиондарын жеңіп кете жаздап, әбден састырды.
Ел кубогы додасына шетелдік легионерлер қатыса алмайды. Осыған байланысты, Қостанай командасында екі ойыншы алаңға шыға алмай қалса, «Астана» клубы 6 бірдей белді ойыншысына сенім арта алмады. Ойын тең дәрежеде басталды. Дегенмен, екі минуттан кейін астана командасы алға шықты. Бірінші кезеңнің аяғына қарай «Тобыл» елордалықтарды алға ұзатып алып, 10 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Алайда бірінші кезеңде 7 ұпай айырмасымен ұтылды. Екінші кезеңде Қостанай командасы есеп айырмасын қысқарта бастады. Ойынның екінші ширек бөлігінің ортасына қарай «Тобыл» небәрі 1 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Ал үлкен үзіліске шыққанша, Қостанай ұжымы 40:38 есебімен таразы басын өздеріне қарай аударып алды.
Қиян-кескі доп додасы үшінші 10-минуттықта да жалғаса түсті. Бірақ астана баскетболшылары жанкештілік танытып, тағы да алға шықты. Алайда «Астана» алысқа ұзап кете алмады, есеп айырмасы 3-5 ұпай шамасында теңселіп тұрды. Ал үшінші кезең аяқталғанда, елорда клубы 6 ұпай айырмасымен ғана алда тұрды. Астаналықтар төртінші кезеңді де жоғары қарқында бастап, есеп айырмасын 10 ұпайға дейін ұлғайтты. Бірақ «Тобыл» беріле салмады, табан тіресе додаға түсті. Матчтың аяқтауына 2 минут қалғанда таразы басы теңесіп тұрды. Әрі осы 2 минут шектен тыс тартысты өтіп, жүйкеге тиді. Ойынның қалай аяқталатындығы матч соңына дейін белгісіз болды. Әйткенмен де, «Астана» жеңісті жұлып алды – 82:83.
Маңызды сәт: Бәрі де соңғы секундтарда шешілді. «Астана» 1 ұпай айырмасымен алда тұрған. Бірақ «Тобылдың» таразы басын өзіне қарай аударып алатын мүмкіндігі болды. Алайда олардың соңғы шабуылдары нәтижесіз аяқталды. Сөйтіп астана баскетболшылары жеңіске жетті.
Үздік ойыншылар: «Тобыл» сапында ең үздік ойыншы дабл-даблы өте қомақты шыққан Антон Быков болды – 30 ұпай, 18 рет доп қағып алды. «Астана» сапында ең тиімді ойыншы Рустам Мырзағаоиев болды (21 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 3 пас және 2 рет допты қағып әкетті), Дмитрий Гавриловтың еншісінде – дабл-дабл (10 ұпай, 13 рет доп қағып алды және 2 блокшот). Ол әрі қостанайлықтардың соңғы шабуылына тосқауыл қойып тойтарды.
Келесі ойын: Ертең, 3 сәуір күні астана баскетболшылары Атырау облысының құрама командасымен кездеседі. Матчтың басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-да.