«Астана» түздегі бірінші ойында «Атырау Барыстарын» жеңді

06.02.2019, 10:00    Оқылғаны: 727
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
5 және 6 ақпан күндері «Астана» Президенттік баскетбол клубы ел чемпионатының Ұлттық лигасы аясындағы түздегі екі ойынын батыста өткізіп, «Атырау Барыстарының» негізгі құрамымен додаға түсіп жатыр.
 
Бірінші ойында «Астана» +19 ұпай айырмасымен жеңіске жетті – 76:95 (27:25,16:24,19:20,14:26). Айта кетуіміз керек, ойынның бірінші жартысында +6 ұпай айырмасымен алаң иелері басым болды. Атыраулықтар үшінші кезеңде де дес бермей, тайталасып бақты. Бірақ матчтың соңғы ширек бөлігінде «Астана» төртінші жылдамдығын іске қосып, қарсыласын тықсырды. Барлық жағынан асып түсіп, үстемдік танытты.

Матчтың үздік ойыншылары:
  • Энтони Клеммонс – 24 ұпай, 3 рет допты қағып алды, 2 пас, 1 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 27.
  • Александр Жигулин – 22 ұпай, 8 рет допты қағып алды, 1 пас, 3 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 29.
  • Джеффри Гроселл – 21 ұпай, 4 рет допты қағып алды, 1 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 18.
  • Рустам Ерғали – 13 ұпай, 5 рет допты қағып алды, 2 пас, 4 рет допты қағып әкетті және тиімділігі – 17.

Екі команда арасындағы екінші ойын бүгін, 6 қаңтар күні «Х.Досмұхамедов атындағы АМУ» алаңында өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 20:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні, яғни 12 ақпанда «Сарыарқа» велотрегінде «Астана» мен Польшаның «Зелена Гура» клубы арасында ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті ойыны өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 19:30-да. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері 
Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»