КЭП бізбен!
Біздің команданың және Ұлттық құраманың соңғы жылдардағы айнымас капитаны – Рустам Ерғали клубпен 2018/2019 жылдар маусымына келісімшартқа отырды.
«Мен қуаныштымын, яғни мен әлі бабымдамын! Бұған дейінгі маусымдардағыдай, командаға шектен тыс көп пайда келтіру үшін қолымнан келгеннің бәрін де істеуге тырысамын. «Астана» мен үшін – менің екінші туған үйім. Маусымның басталуын тағатсыз күтіп жүрмін!».