«Калев» «Астананы» тағы да қапы қалдырды  

05.02.2017, 21:25    Оқылғаны: 1092
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Эстонияның «Калев» клубы биылғы маусымда Қазақстанның «Астанасын» екінші рет қапы қалдырды – 78:72 (26:13, 20:18, 12:18, 20:23).

«Калевтің» Райн Вейдеман мен Эрик Кеедус бастаған негізгі бестіктегі ойыншыларының ұжымдық ойын үлгілері матчтың бірінші ширек бөлігінде қарсыластарынан екі есе көп доп соғуға мүмкіндік берді (26:13). Бұдан кейін ойын теңесті, ал кездесудің үшінші ширек бөлігінде «Астана» сауатты түрде қорғана біліп (эстондар 10 минутта небәрі 12 ұпай еншіледі), есепті біршама қысқартып, үміт сәулесі қайта тұтанғандай да болды (49:58).

Содан кейін, яғни матчтың соңғы бөлігінде қазақстандықтар допты алыстан лақтыруға көшті, бірақ нысананы доға сыртынан дәл көздеудің сәті түсе қоймады (соңғы 10 минутта 9 соқының екеуін ғана дәл түсірді, ал матчта 29-дың 6-уын ғана). «Калев» болса, матчтың соңғы ширек бөлігінде қарсыласын 5-8 ұпай аралықта “ұстап” отырды. Сөйтіп биылғы маусымда бірінші рет түзде басым түсті. Эстондар өзі, биыл өзі үш-ақ рет жеңіске жетті, соның екеуінде «Астанадан» басым түсті.
  
Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (21 + 6 рет доп қақшып алды), Иан Миллер (21), Родерик Одом (8 + 5 рет доп қақшып алды).

«Калев»: Райн Вейдеман (24), Марк Толлефсен (12 + 5 рет доп қақшып алды), Стэн Сокк (10 + 6 рет доп қақшып алды + 6 пас), Эрик Кеедус (7 + 7 рет доп қақшып алды + 6 пас).

«Астана» БК бас бапкері Илиас Папатеодору:
— Біз ойынды өте сәтсіз бастадық, әсіресе бұл – біздің шабуылымызға қатысты айтылған сөз. Матчтың екінші жартысында ойын өрісін өзгертіп, есепті бірза қысқартық, батылырақ ойнап, ширақ қимылдау қажет болды. Бірақ шешуші сәттерде мүлт кетіп, допты діттеген нүктемізге дөп түсіре алмадық. Тура осы себептердің кесірінен ұтылып қалдық.

«Калев» БК бас бапкері Алар Варрак:
— Тең ойын болды, бағымыз жанып, матчтың бірінші жартысында басым түстік, осы бізді жеңіске жеткізді. Өйткені, біз матчтың екінші бөлігінде ұтылып қалдық. «Астана» жақсы ойнады, бірақ біз 8-10 ұпай алға ұзап кеткен болатынбыз, осы айырмашылықты ұстап қала алдық.

«Астана» келесі ойынын түзде өткізеді, елорда командасы Атырауға аттанады, онда 10 және 11 ақпан күндері Қазақстан Ұлттық лигасы аясында «Барсы Атырау» баскетбол клубымен кездеседі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»