«Астана» эстонның «Калев» клубын қабылдайды

03.02.2017, 17:00    Оқылғаны: 1206
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Алдағы жексенбі күні, яғни 5 ақпанда, елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Калев» (Эстония) клубын қабылдайды.

Дәл қазір Эстония командасы ВТБ лигасының турнир кестесінде 12-ші орынды иемденіп тұр. Олар үш рет жеңіске жетіп, 11 ойында жеңілістің кермек дәмін татты. Биылғы маусымды екі команда кездескен, «Калевтің» алаңында өткен матчта алаң иелері басым түскен-ді (84:67). Енді елордалықтар өз алаңында есе қайтаруға тырысулары керек. Әйтсе де, Илиас Папатеодорудың шәкірттеріне босаңсуға болмайды, алдағы матчқа жан-жақты дайындалу керек.
 
Илиас Папатеодору «Астана» ПБК бас бапкері алдағы матч жайлы өз пікірін білдірді:
– Деңгейлері әр түрлі қарсыластармен өткен үш ойыннан кейін Эстония командасымен кездесеміз. «Калев» – деңгейі бізбен шамалас команда, әрі бұл ойында бізге жеңіске жетуге болады. Түзде ұтылып қалғанбыз, енді есе қайтаратын мүмкіндігіміз бар. Бірақ бізге жанашыр жанкүйерлеріміздің көмегі өте қажет. Демеп-жебеп отырса, оңай болар еді. Одан соң, әрине, егер жеңіске жеткіміз келсе, аянбай ойнап, бар күш-жігерімізді сарқ етуіміз керек.
    
Естеріңізге сала кетейік, матч «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Басталуы – 16:00-де. Кіру тегін! Сіздер матчтың онлайн-трансляциясын ВТБ бірыңғай лигасы сайтынан, Астана уақытымен сағат 16:00-ден бастап көре аласыздар. 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»