«Астана» Мәскеуге аттанды

28.01.2017, 14:50    Оқылғаны: 1216
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Ертең, 29 қаңтар күні елорда баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында ЦСКА клубымен кездеседі.

Бұл клубты егжей-тегжей таныстырып жатудың қажеті де жоқ. Ресейдегі ең әйгілі, шежіресі мол баскетбол клубы десек те жетіп жатыр. Еуропада – жетістіктері жағынан Мадридтің «Реалынан» кейінгі команда. Сондай-ақ әскерилер клубы сапына Ресейдің ең үздік ойыншылары мен Еуропаның қас шеберлерін жиналған. Команданы көпшілікке танымал грек маманы Димитрис Итудис жаттықтырады. Клуб ВТБ Бірыңғай лигасымен қатар Еуролигада да бақ сынайды. Былтыр осы Еуропа турнирінің чемпионы атанған.
 
ВТБ лигасында ЦСКА қазір көш бастап келеді. Олар 12 рет жеңіске жетіп, тек бір ойында жеңілістің кермек дәмін татып, Краснодардың «Локомотив» клубынан ұтылып қалды.

«Астана» биылғы маусымда ЦСКА баскетболшыларымен кездескен. Елорда командасы әскерилер клубын өз алаңында қабылдап, ВТБ лигасының чемпионына есе жіберіп алған.
 
Ертеңгі ойынды сіздер Kazsport телеарнасынан 21:45-тен бастап, сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасы сайтынан Астана уақытымен 19:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»