«Зенит» УНИКС-ті Астанада қуып жетті

21.01.2017, 20:00    Оқылғаны: 1102
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ресейдің «Зениті» түзде Қазақстанның «Астана» клубынан басым түсті – 105:82 (25:17, 33:22, 24:23, 23:20).

Алаңның екі бөлігінде де ширақ және үйлесімді ойын өрнегін көрсеткен «Зенит» үлкен үзіліске дейін-ақ ойын тізгінін толықтай өз қолына алды. Петерборлықтар алаңда үстемдік құрып, қарсыластарын әр қателіктері үшін аяусыз “жазалап”, шабуылда емін-еркін көсіле ойнады. Ресей командасының екпін алуы кездесудің бірінші ширек бөлігі бел ортасынан асқанда басталғандай: Сергей Карасев 27 секундтің ішінде 5 ұпай еншіледі, серіктесін қосалқы құрам орындығынан ойынға қосылған Кайл Лэндри іліп әкетті. Сәл кейінірек Роберт Лоури қарсы шабуыл ұйымдастыруға тырысты, бірақ алаң иелеріне көк-ақ-көгілдір түстілердің ойынның екінші ширек бөлігіндегі дүлей шабуылдарына төтеп беру мүмкін болмады – 12:0. Әрі ұпай айырмасы 20-ға да жетуге шақ қалды (20 минуттан кейінгі есеп – 58:39). Командалар алаңның екі бөлігіндегі орындарын ауыстырған соң зениттіктер жеңісті есепті матч аяқталғанша уыстарынан шығарған жоқ. Бұл жеңіс оларға үшінші орында келе жатқан УНИКС клубын қуып жетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Зенит» үшінші ойында қатарынан 100 ұпайдан артық жинады.

Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (22), Родерик Одом (18 + 7 рет доп қақшып алды), Усман Крубалли (13).

«Зенит»: Райан Тулсон (24 + 5 пас), Янис Тимма (21), Сергей Карасев (16 + 5 рет доп қақшып алды).

Илиас Папатеодору «Астана» БК бас бапкері:
— «Зенитті» жеңісімен құттықтаймын, олар бүгін оған лайық болды. Біз жігерлік танытпадық, қоғаныста өктем ойнау деген жоқ, бұл – біз әлі арыла алмай жүрген кесел. Әрі, сөз жоқ, «Зенит» – деңгейі жоғары команда, ойыншылары жақсы. Әйтсе де, біз бүгін жеңісті оп-оңай бере салдық. Бізге шүмектетіп тер төгу керек, қазір біздің өткізетін ойындарымыз көп.

Василий Карасев «Зенит» БК бас бапкері:
— Қорғаныста жақсы ойнадық, ойыншыларымыздың жиі ауыстырып отырдық. 20 ұпай алға озып кеттік, босаңсыған жоқпыз. Ең бастысы, қорғаныста да, шабуылда да ширақ қимылдадық. Бірнеше рет сытылып кетіп, өте жылдам шабуыл ұйымдастырдық. «Үлкен» ойыншыларымызды ұтымды пайдалана білдік, содан соң шабуылды сауатты түрде үш ұпайлық доп лақтыратын периметрге ауыстырып отырдық. Жалпы, ойын менің көңілімнен шықты.

«Астана» келесі ойынын да өз алаңында өткізеді, 25 және 26 қаңтар күндері елора клубы Қазақстан Ұлттық лигасы аясында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдайды.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»