«Астана» Петербордың «Зенитін» қабылдайды

20.01.2017, 13:30    Оқылғаны: 1137
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Сенбі күні, 21 қаңтарда «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Зенит» (Санкт-Петербург) баскетбол клубын қабылдайды.

Қарсылас жайлы мәлімет:

«Зенит» баскетбол командасы 2014 жылы өзі аттас футбол клубы құрылымында департамент болып құрылған. Команданың негізін және бапкерлері құрамын соған дейінгі «Триумф» ұжымының ойыншылары мен жаттықтырушылары құраған. Сонымен қатар, Мәскеу іргесіндегі клубтан 2014/2015 жылдар маусымында ВТБ Бірыңғай лигасы мен Еурокубокта бақ сынау құқығы да ауысқан.

2014/2015 жылдар маусымында «Зенит» бірінші жыл өнер көрсетсе де, ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты біріншілігінде 4-орынға ие болды. Ал ширек финалда «Нижний Новгород» клубына бес ойынның қорытындысы бойынша есе жіберіп алып, 5-орынды иеленді. Еурокубок додасында топтық кезеңнің екеуінен де өтіп, 1/8-финалында «Химки» клубынан ұтылып қалды.
 
2015/2016 жылдар маусымында «Зенит» өз тарихында алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері атанды.

2016 жылғы маусым аралығында клуб құрамын ҰБЛ-сында ойнаған, 22 жастағы шабуылдаушы қорғаушы Сергей Карасёвпен және сербиялық ойын үйлестіруші Стефан Марковичпен күшейтті. Қазір екеуі де клубтың көшбасшыларына айналған.
 
Команданы көпшіліке танымал орыс маманы, баскетболдан Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Василий Николаевич Карасев жаттықтырады. Өткен маусымда дәл осы бапкер ВТБ Бірыңғай лигасының «Жыл жаттықтырушысы» болып танылған болатын.    

Қазір Карасевтің командасы ВТБ лигасының турнир кестесінде 4-орында тұр. Тоғыз рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Биыл екі команда петерборлықтардың алаңында кездескен. Онда алаң иелері басым түсті (99:72). Енді, мүлде басқа ойын болуы керек. Қалай десек те, бұл кездесу ешкімді де бейтарап қалдырмауы тиіс.
 
Илиас Папатеодору, алдағы кездесу туралы өз пікірін білдірді: 
– «Зенитпен» өтетін матч биылғы маусымдағы өз алаңымыздағы ойындардың ең қиыны болады. «Зенит» шабуылы жойқын команда, допты кезкелген нүктеден дөп түсіре, шабуылды қиналмай, оп-оңай бастап кете алады. Қазір олар тамаша жеңістерін бір-біріне сабақтап, көптен бері сүрінбей келеді. Ал бізге жеңіске жету үшін 40 минут бойы босаңсымай, сақ болып, батылырақ ойнау керек. 

Естеріңізе сала кетейік, матч 21 қаңтар күні «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Басталуы – 16:00-де. Кіру тегін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»