«Астана» Азия чемпиондары кубогының жартылай финалына шықты
Бүгін Азия чемпиондары кубогының 1/4 финалдық ойындары өтіп, елорда командасы Дубайдың «Щабаб Аль-Ахли» клубын 83:53 есебімен тізе бүктірді.
Джастин Картер команда қоржынына 17 ұпай салды. Денис Дегтярев 14 ұпай, Рустам Ерғали 9 ұпай еншіледі. «Астананың» 1/2 финалындағы қарсыласы бүгін «Кашгар» (Қытай) және «Чукс-ту-Гоу» (Филиппин) командалары арасындағы матчта анықталады.
Костас Флеваракис пен оның шәкірттерін ерен жетістіктерімен құттықтаймыз!