«Астана» Қарағандыда Краснодар клубынан ұтылып қалды

10.12.2016, 18:55    Оқылғаны: 869
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Ресейдің «Локомотив-Кубань» клубы түзде Қазақстанның «Астанасынан» басым түсті – 71:51 (19:9, 16:13, 17:17, 19:12).

«Астана» мен «Локомотив-Кубань» осы ойынның алдында турнир кестесінде бір-біріне іркес-тіркес орналасқан болатын, әрі екеуі де соңғы ойындарда жеңілістің кермек дәмін татпаған-ды (қазақстандықтар 3 рет, ал кубандықтар 6 мәрте жеңіске жеткен-ді). Алайда, ресейліктер ойынның бірінші ширек бөлігінде-ақ өз басымдықтарын таныта білді. Ян Вуюкас – Кевин Джонс жұбы оймақтор түбінде сары-көк жейделілерді әбден састырды. Оларға қосалқы құрам орындығынан қосылған Андрей Зубков жағдайды одан әрі ушықтыра түсті. «Локо» ойының бірінші ширек бөлігінде-ақ екі таңбалы сан айырмасымен алға шығып, одан әрі сол есепті уысынан шығармауға тырысты, қарсыласын қауіпті арақашықтықа маңайлатпай қойды. Краснодарлықтар деңгейлерінің жоғарылау екендігінің арқасында жеңіске жетіп, жеңісті қадамдарын одан әрі сабақтай түсіп, өкшесін басқан бәсекелесінен қара үзіп кетті.

Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (13), Димитриос Катсивелис (11), Усман Крубалли (10 + 6 рет доп қақшып алды).

«Локомотив-Кубань»: Кевин Джонс (16 + 5 д.қ.а), Андрей Зубков (15 + 6 д.қ.а), Марди Коллинз (11 + 8 д.қ.а + 7 пас).

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
– «Локомотивті» жеңісімен құттықтаймын, олар шынымен де басым түсті. Қарсыласымыз бірінші минуттан бастап бізді тұсаулап ұстауға тырысты, біздің шабуылда көсіле сілтеуімізге мүмкіндік бермеді. Бұл біздің ұтылып қалуымыздың – бірінші себебі. Біз қорғанысымызды пайдалана отырып, ойынды басқаша өрбітуге тырыстық, бірақ одан да ештеңе шықпады.

 «Локомотива-Кубань» БК бас бапкері Саша Обрадович:
– Тамаша тактикалық ойын болды. Біз «Астананың» көшбасшыларын тоқтата білдік, олар – Миллер мен Лоури, олардың ойындарын жіліктеп тастадық. Матч өте қиын болды. Біз Қазақстанға ерте ұшып келдік, алаңда өз ойынымызды көпке дейін өрбіте алмай, біраз қара терге түстік. Әйтсе де, жеңіске жетудің сәті түсті.

«Астана» келесі және биылғы жылғы соңғы ойынын 21 желтоқсан күні түзде, Санкт-Петербургте өткізіп, «Юбилейный» спорт кешені алаңында питердің «Зенитімен» кездесіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»