«Қайда-қайда? Қарағандыда!»

08.12.2016, 13:00    Оқылғаны: 1345
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Алдағы сенбіде, 10 желтоқсан күні, елордалық «Астана» баскетбол клубы кеншілердің бас қаласында кезекті ойынын өткізіп, Краснодардың шежіресі мол «Локомотив-Кубань» клубын қабылдайды.

Краснодар клубы ВТБ лигасының турнир кестесінде 5-орынды иеленіп тұр. Өткен демалыста «Локо» өз алаңында турнир кестесіндегі көшбасшыны, атап айтқанда, Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ краснодарлықтар Еурокубокта да нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді. Бұл ойын астаналықтар үшін оңай болмайды. Бірақ Илиас Папатеодордың шәкірттері шиеленісті дүлей додаға дайын.
 
«Біздің қарсыласымыз «Локомотив» – өте жоғары деңгейлі команда. Олар өздерінің шеберліктерінің деңгейін ЦСКА баскетболшыларымен өткен ойында паш етіп, жеңіске жетті. Олар 40 минут бойы айылдарын жимай, тізгіндерін тартпай ойнайды. Бұл біз үшін өте күрделі сынақ болады», – деп алдағы ойынды пайымдап өтті «Астананың» бас бапкері. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бұл ойын Қарағандыда, «Жастар» спорт кешенінде өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 16:00-де. Кіру тегін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»