«Астана» үшінші рет қатарынан жеңіке жетті

04.12.2016, 21:35    Оқылғаны: 971
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
«Астана» өз алаңында Беларустің «Цмоки-Минск» клубынан басым түсті – 84:67 (19:13, 21:18, 21:18, 23:18).

Ойынның бірінші ширек бөлігінің соңында Роберт Лоури мен Иан Миллердің үш ұпайлық аймақтан лақтырған доптарының арқасында «Астана» алға ұзап кетті. Матчтың екінші бөлігінде «Цмоки» үш минут бойы бірде-бір ұпай ала алмай, алаң иелерінің басымдықтары екі таңбалы санға жетті (23:13). Қазақстандықтар ширақ және үйлесімді қимылдарының нәтижесінде ұпай айырмасын соңғы 10-минуттыққа дейін сақтай алды. Ал матчтың соңғы бөлігінде тағы да сол Лоури бірнеше рет допты діттеген жеріне дөп түсіріп, бұл ойында қай команданың жеңіске жететіндігі түсінікті болды. Сөйтіп, «Астана» өз тарихында бесінші рет Лигада үш ойында қатарынан жеңіске жетті.    

Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Роберт Лоури (25), Иан Миллер (21), Леонидас Кацивелис (13 + 5 рет доп қақшып алды + 6 пас)

«Цмоки-Минск»: Джастин Грэй (16), Джордже Гагич (13 + 12 д.қ.а)

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
– Біз үшін бұл өте маңызды жеңіс, әрі бүгін 100% соған лайық ойын үлгісін көрсеттік деп ойлаймын. Ойыншылар басынан бастап жоспар бойынша әрекет етті. Біз алаңның екі жағында да – шабуылда да, қорғаныста да ширақ қимылдадық. Бізге қазір осы бетімізден таймай, тер төге беру өте маңызды.

«Цмоки-Минск» БК клубының бас бапкері Игорь Грищук:
– «Астананы»  жеңісімен құттықтаймын. 17 ұпай айырмасымен ұтылдық, басқа қосар ештеңем жоқ.
 
«Астана» келесі ойынын Қарағандыда, «Жастар» спорт кешенінде өткізеді. 10 желтоқсан күні елорда клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Краснодардың «Локомотив Кубань» клубын қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»