Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Атырау Барыстары
Атырау
Ұлттық лига, Плей-офф 1/2 финалы
15.05.2026, 19:00 Жм
Арена: AIROM ARENA (Атырау)
83:88
Негізгі уақыт
29:22 24:17 19:21 11:28
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 0
Астана
Астана

“Астана” Қазақстан Ұлттық Лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалындағы жарыс жолын бастайды

08.05.2026, 18:00    Просмотров: 128
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан Ұлттық лигасы плей-офф кезеңі жартылай финалдық сериясын “Астана” өз алаңында “Барсы Атырау” командасына қарсы бастайды. Елордалық клуб тұрақты чемпионатты турнирлік кестеде бірінші орында аяқтап, тікелей жартылай финалға жолдама алып, бұл кезеңді өз алаңында бастауға мүмкіндік алды.

Серияның алғашқы матчтары 10-11 мамыр күндері “Сарыарқа” велотрегінде өтеді. Ойындар сағат 17:00-де басталады. “Барсы Атырау” ширек финалда “Тобылға” қарсы ойнап, екі матчта жеңіске жетті. Жартылай финалдық серия үш жеңіске дейін жалғасады, сондықтан да командалар үшінші ойынды Атырауда өткізеді.

Кездесулер тарихы

2025/2026 жылдар маусымының тұрақты чемпионатында командалар өзара сегіз кездесу өткізіп, оның бәрінде “Астана” жеңіске жетті. Ал жалпы 2014/2015 жылдар маусымынан бастап екі ұжым 79 рет бір-біріне қарсы ойнап, 68 ойында астаналық команда жеңімпаз атанған.

Өткен маусымда да “Астана” плей-оффтағы жарыс жолын атыраулық ұжымға қарсы бастап, 3:0 есебімен жеңіске жеткен.

Командалардың көшбасшы ойыншылары

“Астананың” биылғы маусымдағы басты снайпері — Эрик Дэй. Америкалық ойыншы әр матчта орта есеппен 18.5 ұпай еншілейді. Онымен қоса, ол пастар саны (7.17) мен допты тартып алу (1.83) көрсеткіші бойынша команданың көшбасшы ойыншысы. Допты алу мен блокшоттар бойынша Асқар Майдекин астаналық ұжымның үздік баскетболшысы. Майдекин әр ойында орта есеппен 6.88 рет допты алып, 0.75 блокшот жасайды.

“Барсы Атырау” командасында нәтижелілік бойынша Майкл Майс көш басында, ол әр матчта орта есеппен 24.38 ұпай олжалайды. Айболат Омаров допты алу (7.25), Богдан Рабченюк пас (3.25), Есет Жарқылов допты тартып алу мен блокшот бойынша үздік нәтиже көрсетіп келеді — 1.75 және 0.75.

“Астана” үшін Ұлттық Лигада чемпион атану — маусымдағы ең басты мақсат. Команда тұрақты чемпионатты бірқалыпты өткізіп, 32 ойынның 28-інде жеңіске жетті. Алда маусымның шешуші кезеңі — чемпионаттың жеңімпазы анықталатын плей-офф сатысы.

Асқар Майдекин, “Астана” БК ойыншысы:

— Плей-оффқа деген дайындық жоғары деңгейде. Біз қарсыласты зерттеп, әр детальға мән беріп, серияғы тыңғылықты дайындық жүргізіп жатырмыз. Бірнеше күннен кейін алдағы ойындарға толық дайын боламыз деп ойлаймын.

“Барсы Атырау” — лайықты күрес көрсете алатын, жақсы легионерлерден және болашағынан үміт күттіретін жастардан жасақталған команда. Тұрақты чемпионатта да бұл командамен матчтар тартысқа толы өткен. Сондықтан бізді бәсекеге толы серия күтіп тұр.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021