Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Тобыл
Қостанай
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
26.01.2026, 19:00 Дс
Арена: ССК «Қостанай» (Қостанай)
64:119
Негізгі уақыт
17:30 20:29 12:29 15:31
Ойын нөмірі: 49
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» Қостанайға аттанды

26.01.2026, 18:00    Просмотров: 486
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қазақстан Ұлттық Лигасы аясындағы кезекті ойындарын Қостанайда өткізеді. «Тобылға» қарсы матчтар 26-27 қаңтар күндері «Қостанай» спорт кешенінде өтіп, ойындар сағат 19:00-де басталады.

Екі ұжым үшін де бұл жаңа жылдағы екінші матчтар сериясы болмақ. Бұған дейін астаналық клуб сырт алаңда екі рет «Барсы Атырау» ұжымын (779:50, 97:68) жеңсе, қостанайлық команда «Алматинский Легионмен» (89:125, 56:105) ойында ірі есеппен ұтылды.  

Командалардың көшбасшылары

«Тобыл» маусымның басында бірқатар кадрлық қиындықтармен бетпе-бет келді. Команданың көшбасшы ойыншылары Шаим Қуанов пен Антон Быков жарақаттарына байланысты чемпионаттың бастапқы ойындарына қатыса алмады. Қазіргі таңда қостанайлық ұжымның капитаны әлі де болса қатарға қосылған жоқ, ал Антон Быков болса командасына көмектесіп жүр. 

Бүгінде Асқар Майдекин – ұпай саны бойынша «Астананың» үздік ойыншысы атанды. Орталық ойыншы әр матчта орта есеппен 14 ұпай еншілейді. Ал допты алу бойынша 6,17 көрсеткішімен Роберт Пан көш бастап тұрса, пас беруден Эрик Дэй (6,25) жетекші рөлде.

Дәл осындай көрсеткіштер бойынша «Тобыл» сапында Павел Ильин (14,53 ұпай, 7,6 рет допты алу) көш басында. Бір айта кетерлігі, ойыншы «Алматинский Легион» командасына қарсы өткен соңғы матчқа қатысқан жоқ. Қостанайлық ұжым сапында пас беру көрсеткіші бойынша Әділбек Битенов үздік – бір матчта орта есеппен 2,78 пас.  

Кездесулер тарихы

Командалар өзара 56 рет кездесіп, 49 матчта «Астана» жеңіске жеткен. Екі ұжым соңғы рет Қазақстан Ұлттық лигасы аясында 16 желтоқсанда кездесіп, астаналық ұжым өз алаңында 108:67 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымның шабуылдаушы қорғаушысы Әмірәли Сүлейменов ойында 18 ұпай еншілеп, өз есебіне 5 пас жазып және 4 рет допты алып, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018