Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIV Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
16.12.2025, 14:00 Сс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
108:67
Негізгі уақыт
29:16 33:12 30:15 16:24
Ойын нөмірі: 32
Көрермен: 100
Тобыл
Қостанай

«Астана» өз алаңында «Тобылды» жеңді

18.12.2025, 13:00    Просмотров: 262
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Қазақстан Ұлттық лигасы аясында қостанайлық «Тобылға» қарсы өткен өз алаңындағы матчтар сериясын сәтті өткізіп, 15 желтоқсанда 85:65 және 16 желтоқсанда 108:67 есептерімен екі сенімді жеңісті өз есебіне жазды.

Серияның алғашқы кездесуі тең дәрежеде басталды. Командалар нәтижелі шабуылдармен алмасып, алғашқы ширек қорытындысы бойынша есеп тең болды — 22:22. Шешуші сәт бірінші ойын бөлігінің соңында орын алды — Александр Оразбеков үзіліс алдында дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді теңестірді.

Екінші ширектен бастап «Астана» қорғаныстағы қысымды күшейтіп, шабуылдағы доп қозғалысын жақсартып, біртіндеп басымдықты арттыра бастады. Үшінші ширек шешуші кезеңге айналды: алаң иелері бұл бөлікті 21:10 есебімен ұтып, матчты ойын соңына дейін толық өз бақылауында ұстады.

Кездесу көшбасшысы Асқар Майдекин болды — ол 12 ұпай, 5 рет допты алу мен 3 нәтижелі пасты тіркеді. Роберт Пан 11 ұпай мен 9 рет допты алумен көзге түсті. Александр Оразбеков өз еншісіне 11 ұпай, 6 пас және 5 рет допты алуды жазса, Рустам Мурзагалиев 10 ұпай еншіледі және 6 рет допты алды.

Серияның екінші матчында «Астана» алғашқы минуттардан бастап жоғары қарқын орнатып, кездесудің бірінші жартысында-ақ жеңімпаз мәселесін іс жүзінде шешіп қойды. Команда алғашқы екі ширекті жалпы 62:28 есебімен ұтып, жоғары дәлдікпен көрсеткішін тіркеп, қорғаныста сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Үлкен үзілістен кейін де алаң иелері басымдықты сақтап, есеп айырмасын ірі көрсеткішке жеткізді. Қорытынды ширекте бапкерлер штабы құрамды белсенді түрде алмастырып, барлық баскетболшыларға ойын уақытын берді.

«Астана» сапынан Әмірәли Сүлейменов матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның еншісінде 18 ұпай, 5 пас және 4 рет допты алу бар. Асқар Майдекин 16 ұпай мен 6 рет допты алуды өз пайдасына жазды. Александр Оразбеков болса 15 ұпай жинап, 6 нәтижелі пас беріп, 5 рет допты алды.

Сондай-ақ, Рустам Мурзагалиев (15 ұпай, 5 пас), Валерий Симонов (12 ұпай, 5 рет допты алу) және 11 ұпай, 9 рет допты алу, 3 паспен дабл-даблға жақын көрсеткіш тіркеген Адас Юшкявичюс те команда жеңісіне елеулі үлес қосты.

Өз алаңындағы екі жеңіс «Астананың» Қазақстан Ұлттық лигасы турнирлік кестесіндегі жағдайын жақсарта түсіп, командаға биылғы маусымдағы сәтті өнерін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018