Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXXIII Қазақстан чемпионаты
Тобыл
Қостанай
Ұлттық лига, Плей-офф 1/2 финалы
20.04.2025, 17:00 Жс
Арена: ССК «Қостанай» (Қостанай)
76:97
Негізгі уақыт
24:25 21:28 18:20 13:24
Ойын нөмірі: 13
Көрермен: 0
Астана (Ұлттық лига)
Астана

«Астана» финалға шығуға бір табан жақын тұр

22.04.2025, 08:00    Просмотров: 322
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Ұлттық Лиганың «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы жартылай финалдық кезеңі елордалық ұжымның сенімді екі жеңісімен басталды. Глеб Плотников бастаған команда қос ойында да қарсыласына бірде-бір ширекте есе жібермей, серияда көш бастады — 2:0.

Қостанайда өткен алғашқы кездесу 93:70 есебімен астаналық команда пайдасына шешілді. «Астана» үлкен үзіліс алдында +18 ұпай айырмашылығымен есепте алда болып, матчты толығымен өз бақылауында ұстады. Ойынның екінші жартысында астаналық команда қарқынын сәл бәсеңдеткенімен, көшбасшылықты берген жоқ. «Тобыл» болса, кездесу барысына өзгеріс енгізе алмады. Бұл ойында 20 ұпай еншілеп, 6 рет допты алған Асқар Майдекин көзге түсті. Сондай-ақ, Данила Походяев өз есебіне 18 ұпай мен 8 допты алуды, ал Григорий Мотовилов 16 ұпай, 4 пас пен 4 допты алуды жазды. 

Жартылай финалдық серияның екінші матчының басы шиеленіске толы болды. Алғашқы ширек қорытындысында «Астана» бір ұпай айырмашылығымен ғана есепте алда болды — 25:24. Алайда екінші он минуттықта команда таблодағы көрсеткішті ұлғайтып, қарқынын күшейтті. Үлкен үзілістен соң алаң иелері «Тобыл» лайықты қарсыластық көрсете білді, дегенмен астаналық баскетболшылар басымдығын сақтап қалып, сонымен қатар ойынның шешуші бөлігін нәтижелі өткізді. Кездесудің қорытынды есебі — 97:76 — «Астананың» сериядағы екінші жеңісі. 

Бұл жолы Андрей Десятников (17 ұпай, 6 рет допты алу, 5 пас), Руслан Айтқали (15 ұпай, 5 рет допты алу), Асқар Майдекин (12 ұпай, 4 рет допты алу), Рустам Мурзагалиев (11 ұпай, 6 рет допты алу, 3 пас) пен Григорий Мотовилов (10 ұпай, 7 пас, 3 рет допты алу) ерекше көзге түсті.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкері:

-Қостанайдағы қос ойында да жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Серияның үшінші матчына дайындаламыз және жанкүйерлерді велотрек алаңында күтеміз. Командаға сіздердің қолдауларыңыз қажет.

Осылайша, «Астана» командалардың бірі үш жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасатын серияда 2:0 есебімен алда келеді. Келесі матч 23 сәуірде Астанада өтеді. Бұл ойында астаналық команда жеңіске жеткен жағдайда Ұлттық Лиганың финалына жолдама алады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018