ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
29.01.2025, 20:00 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
75:67
Негізгі уақыт
16:24 24:15 17:15 18:13
Ойын нөмірі:
Көрермен: 524
Самара
Самара

Аңдатпа: Астана — Самара

28.01.2025, 19:00    Просмотров: 715
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Өз алаңымызда «Самараны» қабылдаймыз. Қарсылас қандай команда, басты қарсыластарымыздың бірімен ойынға дайындық қалай? Толығырақ материалда.

«Жаңа Самара»

Самара облысындағы спортты қаржыландыруда туындағы қиын жағдай туралы көп жазылды, мәселе баскетболды да айналып өтпеді. Қиын жағдай келесі қарсыласымызға да ықпал етті. Ендігі «Самара» қарашадағы командамен салыстырғанда мүлдем өзге.

Клубтан бас бапкер Дражен Анзулович, шетелдік ойыншылар Насир Брукс («Колоссос», Грекия), Хэйден Далтон («Уралмаш»), Брендан Адамс («Хапоэль Холон», Израиль), Ронни Харрелл («Марусси», Грекия), сонымен қатар Александр Гудумак («Локомотив-Кубань») кетті.

Команданы маусым соңына дейін Владислав Коновалов жаттықтырады. Ол 2022 жылдан бастап клубта бапкердің көмекшісі болып қызмет атқарып келеді. Негізгі құрамға 3х3 баскетбол командасы ойыншылары – Владислав Карпов пен Виктор Кашин көмектеседі.

Алайда команда маусымда аяқтай ала ма, жоқ па – белгісіз. Бүгін клубтың банкротқа ұшырағаны туралы хабарландыру бергені жайында жаңалық шықты. Бұны «Самара» бас директоры Камо Погосян растады. Ол клубтың 30 күні ішінде банкротқа ұшырауы мүмкін екендігін, сондықтан облыс әкімдігімен мәселенің шешімін табуға уақыт бар екенін айтты.

«Самара» соңғы бес ойынның бесеуінде де жеңіліс тапқан, атап айтса, «Зениттен» (73:106, 54:103), УНИКС-тен (94:59), «Локомотивтен» (69:96) және МБА-МАИ-ден (78:80).

 «Жұлдыздар»

ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздары матчына «Самара» ойыншылары да қатысады. «Алаң иелері» құрамында орталық ойыншы Илья Попов өнер көрсетеді (11.9 ұпай, 5.8 рет допты алу). Сондай-ақ, Жұлдыздар матчына Егор Амосов та қатысады. Ол Slam Dunk Contest Матч ТВ жарысында бақ сынайды. 

Кездесулер тарихы:

Командалар жалпы өзара 10 кездесу өткізген. Оның жетеуінде «Самара», үшеуінде «Астана» жеңіске жетті. Соңғы рет елордалық ұжым «Самараны» 2024 жылдың 14 сәуірінде жеңген. Кездесу жеңімпазы овертаймда анықталып, матч 94:92 есебімен аяқталған. 

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Самараға» қарсы ойында да дәл өзге командалармен матчтардағыдай өз жоспарымызға сай әрекет етіп, аз қателік жіберіп, ұйымшылдық таныту керек. Қызықты кездесу күтіп тұр».

Асқар Майдекин, «Астана» БК орталық ойыншысы:

«Матчқа дайындық жүргізу үшін уақыт көп емес, ойынға екі күн қалды. Соңғы кездесулер кез келген командамен күрес жүргізе алатынымызды көрсетті. «Самараға» қарсы матч шиеленіске толы болады және көптен күткен жеңісімізге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. «Самараның» да жағдайы бізге ұқсас, командада легионерлер жоқ. Сол себептен ойын қызықты өтеді. Өткен матчты талдадық, зерделедік және жеңіске жету үшін бірнеге соққы жетпегенін түсіндік».

Матч: «Астана» — Самара
Күні мен уақыты: 29 қаңтар, 20:00 
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында

 

Жеңіс

30.01.2025, 13:00    Просмотров: 388
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналық команда алғашқы ширекті Рустам Мурзагалиевтің дәл соққыларымен бастағанына қарамастан, толық басымдыққа ие бола алмады. Қарсылас жылдамырақ болғандай көрінді, шабуылдары да жақсырақ жүріп жатты. Оған қоса, Глеб Голдыревтің (4/4, 7 минут ішінде 12 ұпай) үш ұпайлық соққылары командамызға қиындық тудырды. Оның арқасында «Самара» 10-0 айырмашылығымен алға шықты. Алайда ширектің соңына оп-оңай қарсыласқа беріп қою Глеб Плотников шәкірттерінің ойында болған жоқ. Алаң иелері жылдамдықты арттырып, есептегі айырманы қысқарта алды (7-0). Мотовиловтың сақина астына қарай өтуі, Дэниэл Утомидің слэмі және Мурзагалиевтің кезең соңына ысқырықпен қатар жасаған дәл соққысы жақсы жұмыс істеді. 26:14 – «Самара» алда.

Екінші кезеңде «Астана» алғашқы он минуттықтың соңында көрсеткен ойын қарқынын сақтап қала алды. Шабуылдарды нәтижелі аяқталды, ал «Самара» біртіндеп басымдықтан айырыла бастады. Утоми алаңның орталық бөлігінен дәл соққылар жасады, Смит болса әр допты алу үшін барын салып күресті, құрамдағы өзге ойыншылар команда қоржынына маңызды ұпайларды салып отырды. Ал кезеңнің соңына ерекше назар аудару керек. Вадим Щербак керемет баззердің авторы атанды. 40:39. «Астана» есепте көш бастады.

Үшінші ширекте нағыз баскетболға тән есепті көрді. Алдымен «Самара» бес ұпаймен айырамышылығымен көш бастады, одан соң басымдық тағы да астаналық баскетболшыларда болды. Ширектің бел ортасында Глеб Голдырев тағы да үш ұпайлық соққы жасады. Алайда бұл «Астана» шабуылына кедергі келтірген жоқ. Григорий Мотовилов қарсыластың қорғанысын сенімді бұзып өтіп, Даниал Походяевқа матчтағы 8 пасын берді. Ол болса, мүлт кетпей, есеп айырмасын 1 ұпайға дейін қысқартты. Кезең соңында Григорий Мотовилов тағы да жеке шеберлігімен көзге түсті.  

Қорытынды кезең де Глеб Плотников шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бұл ширекте Руслан Айтқали нәтижелі ойын өрнегін көрсетті, доға сыртынан дәл соққылар жасап Андрей Десятниковке керемет аллей-уп жасады.Сондай-ақ, Вадим Щербакқа бірнеше нәтижелі пас беріп, ол да командаға бірнеше ұпай әкелді. Кездесудегі соңғы нүктені алыстан дәл соққы жасаған Дэниэл Утоми қойып, есепті 71:56 етті. Осымен кездесудегі барлық сұрақтың жауабы табылды.

 «Астана» – Самара: 75:67 (16:24, 24:15, 17:15, 18:13)

«Астана»: Григорий Мотовилов (23 ұпай + 8 пас + 5 рет допты алу), Дэниэл Утоми (13 ұпай + 8 рет допты алу), Рустам Мурзагалиев (11 ұпай), Данила Походяев (7 ұпай + 5 рет допты алу), Вадим Щербак (6 ұпай + 4 рет допты алу), Андрей Десятников (6 ұпай + 4 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Ең алдымен, әрдайым бізді қолдап, бізге сенім артатын жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді. Бүгін біз олардың қолдауын ерекше сезіндік. Екіншіден, ойыншыларымды құттықтаймын, Гриша айтқандай, олар бүгін ойынға құрған жоспарды орындады. Баспасөз мәслихаттарында қателікке аз жол беріп, ұйымдасқан ойын өрнегін көрсету керектігін үнемі айтамын. Бүгін команда сол – ұйымдасқан командалық ойын өрнегін көрсетті. Иә, бірінші ширек сәл сәтсіздеу болғанымен, басты нәтиже – жеңіс. Сондай-ақ, қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан «Самара» баскетбол клубына қолдау көрсеткім келеді, барлығы өз орнына келеді деп сенеміз.

Григорий Мотовилов, «Астана» БК ойыншысы:

- Ойын керемет өтті. Жеңіске жету әрдайым жақсы әсер сыйлайды. Бүгін шабуылда ұйымшылдық таныттық, бапкерлердің барлық тапсырмасын орындадық. Бар болғаны 12 қателікке жол бердік, біз үшін бұл – жақсы нәтиже. Бапкер бұған дейінгі ойындарда көп қателік жібермеуіміз керектігін айтатын, алайда әр кез бір нәрсе кедергі болған. Ұстамды ойын өрнегін көрсеттік, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Командада прогресс, бүгін нәтижеі заңды деп ойлаймын.

Владислав Коновалов, «Самара» БК бас бапкері:

- Біріншіден, «Астананы» жеңіске жетуімен құттықтаймын. Бұл олардың чемпионатқа қайта оралғанынан хабар береді. Жарақат алған ойыншылардың құрамға оралып, қайта бейімделгенін көрсетеді. «Пари Нижний Новгородпен» және «Енисеймен» өткізген соңғы матчтары барлығын сөзсіз дәлелдейді. Алғашқы ширекте ойынды бақылауда ұстадық, қорғаныста берілген тапсырмаларды орындауға тырыстық. «Астана» қорғаныста жақсы ойнады дей алмаймын, біз өзіміздің соққыларымызды жүзеге асырмадық және Григорий Мотовилов өте жақсы ойнады. Қорғаныста Григорийге кедергі келтіруге тырысып, оған көп мән бердік, алайда жоспар толық жүзеге аспады.
 

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1977 Клубтық түстері: көк, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені
Қала: Самара Сайт: https://bcsamara.com

Сипаттамасы

«Самара» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Самара қаласынан, 1977 жылы құрылған.

Жетістіктері:,
  • FIBA кубогының иегері — 2007
  • Суперлига-1 жеңімпазы — 2018/2019, 2020/202
  • Ресей Кубогының жеңімпазы — 2019/2020, 2021/2022