ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
17.12.2024, 20:00 Сс
Арена: Жекпе-жек сарайы (Астана)
62:83
Негізгі уақыт
11:19 16:22 15:23 20:19
Ойын нөмірі:
Көрермен: 137
ПАРМА
Пермь

«Астана» — «Парма» матчына аңдатпа  

16.12.2024, 17:00    Просмотров: 268
Источник:
Автор:
Күнтізбедегі келесі матчымызды тағы да өз алаңымызда өткіземіз. Бұл жолы Пермь қаласының командасын қабылдаймыз. «Пармадан» не күтеміз? Турнирлік кестенің үзідк сегіздегіндегі командадан қалай қорғану керек? Толығырақ мақалада.
 
Пермілік десант
 
ВТБ Бірыңғай Лигасы 2024/2025 жылдар маусымының басы пермілік команда үшін қорқыныш тудырса, қазір «Парма» командасына көрсететін баскетболына қарсыластар ерекше дайындалуы керек. Евгений Пашутиннің шәкірттері командалық ойын өрнегін көрсетеді, дәлдік көрсеткіші жоғары және көшбасшы ұжымдармен күрес жүргізеді. Желтоқсан айында «Парма» чемпионаттың турнирлік кестесінде 8-орында орында тұр (8 жеңіс – 11 жеңіліс). Өткен аптада пермілік команда «Локомотив-Кубань» командасын 93:88 есебімен жеңіп, «Уралмаштан» 88:85 есебімен басым түсті. Айта кету керек, екі команданы да «Парма» маусымда екінші мәрте жеңіп отыр. Одан бөлек, «Парма» Андреас Пистиолис шәкірттеріне қарсы ойында лайықты күрес көрсете білді (101:93 – ЦСКА жеңісі). Алайда пермілік команда өзінен әлсіз ұжымдардан да жеңіліс тапты. Олар екі рет красноярскілік «Енисейден» (89:61, 64:81) және «Автодордан» (67:59, 71:76) жеңілді.
 
Евгений Пашутин бастаған команда
 
«Парма» бас бапкері ойыншыларды алмастырған кезде Александр Захаров (11.1 ұпай, 3.9 рет допты алу), Станислав Ильницкий (5.5 ұпай, 4.6 рет допты алу), Тимофей Якушин (5.9 ұпай) сынды тәжірибелі баскетболшыларды қолданады. Бұл қатарда шетелдік ойыншылар да бар – Гарретт Нэвелс (15.5 ұпай, 4.2 пас).  Оның ойынына қарап, өзін «Уралмаштан» кейін «Пармада» сенімдірек сезінетінін айтуға болады. Бұған дейін «Астана» сапында өнер көрсеткен Ройс Хэмм (15.6 ұпай, 8.1 рет допты алу) бүгінде Евгений Пашутиннің сақина астындағы ойында көмекке келетін алғашқы ойыншысы. Ал Алекс Хэмилтон (12.8 ұпай, 5.1 пас) жақында ғана Алекса Аврамовичпен (ЦСКА), Маркс Найтпен (УНИКС), Джеремайя Мартинмен («Уралмаш») және Егор Рыжовпен («Зенит») бірге ВТБ Бірыңғай Лигасы турының (9-15 желтоқсан) үздік бес ойыншысының қатарына кірді. Сонымен қатар, бапкерлер жастарға да сенім артады. Соңғы ойындарда Лев Свининді (21 минут), Александр Шашковты (21 минут) паркеттен жиі көріп жүрміз. Жақында жарақатынан айыққан Самсон Руженцевтің ЦСКА-дан өзге команнда сапындағы ойынын көру көрерменге қызықты болады.
 
 
Кездесулер тарихы:
 
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар 18 рет кездескен. Оның жетеуінде «Астана» жеңіске жетсе, 11 ойында «Парма» жеңімпаз атанған. Соңғы рет «Астана» Пермь қаласы командасын 2022 жылдың 13 қазанында 84:72 есебімен жеңген.
 
Лазарет
 
Жарақаттар эпидемиясы өткен материалымызда жазған «Уралмашта» ғана емес, өкінішке қарай, біздің командамызда да бар. Сондықтан «Пармамен» өтетін ойында команда кадрлық жағынан үлкен қиындықтармен бетпе-бет келейін деп тұр. Жарақатына байланысты Утоми, Старкс, Сәрсенғалиев командаға көмектесе алмайды, сондай-ақ ойын құрамына енсе де Мотовилов алаңға шықпайды. Қазіргі таңда оңалту процесінен өтіп жатқан Походяевтің ойынға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Одан бөлек, бірнеше ойыншы сырқаттанып қалуына байланысты матчқа қатыспауы мүмкін: Оразбеков пен Десятниковтің дене қызуы жоғары, ал Мурзагалиев аурудан айығу процесінде. Осыған қарамастан, команда күрес жүргізуге дайын және жанкүйерлерінен қолдау күтеді!
 
«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников алдағы ойын туралы:

-«Парма» — кез келген қарсыласты жеңе алатын команда. Олар мұны бір емес, бірнеше рет дәлелдеді. Осы маусымда да. Бізді қиын матч күтіп тұр. Команда әлі де болса жарақаттармен және түрлі аурулармен күресіп келеді. Сондықтан ойын құрамына енетін баскетболшылар мінзе көрсетіп, өзімен қоса, әріптестері үшін де ойнауы керек болады».
 
«Астана» БК шабуылдаушы қорғаушысы Вадим Щербак «Пармаға» қарсы матч жайлы:

«Парма» — мықты қарсылас, командада америкалық та, ресейлік те шебер ойыншылар бар. Бұл матч өзімізді көрсету үшін тағы бір мүмкіндік болмақ. Қазақстандық ойыншылар үшін бұл үлкен тәжірибе әрі өзін көрсетуге берілетін мүмкіндік. Қарсыласты зерттеуге уақыт бар, бапкерлер ойынға жоспар құрады. Бір бүтіндей күрес жүргізетін боламыз».
 
Матч: «Астана» – «Парма»
Күні мен уақыты: 15 желтоқсан, 20:00 )  
Өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 43)
Трансляция: клуб пен ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында

Жанкүйер, біздің команда берілмейді, сондықтан бізге алтыншы ойыншы керек және ол – сенсің! Сені ертең аренада күтеміз!
 

Команда құрамымен мәселе және таласты тартыс

18.12.2024, 12:30    Просмотров: 240
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Пармамен» ойынға астаналықтар қысқарған құраммен шықты. Дэниэл Утоми, Ти Джей Старкс, Григорий Мотовилов, Мағжан Сәрсенғалиев, Данила Походяев пен Андрей Десятников жарақаттары мен сырқаттанып қалуларына байланысты алаңға шыға алмады. Александр Оразбеков пен Рустам Мурзагалиев өздерін жайсыз сезініп тұрғандарына қарамастан, алаңға шығып, командаға көмектесті. Бұл қиындықтар команданың ойынына әсерін тигізді, алай «Астана» ешқашан күресті тоқтатқан емес.

Төмен жылдамдық және орталық ойыншылардың теке-тіресі

«Парма» алғашқы минуттардан бастап қорғанысқа көп мән беретінін көрсетіп, «Астананың» шабуылына кедергі келтірді. Командамыз қарсыластың алғашқы дәл соққларына жауап бере алғанымен (4:6), артынша пермілік клуб есепте алға шықты (4:13).

Бірінші кезеңнің соңына қарай астаналықтар жинақталды, ал жанкүйерлер болса қос орталық ойыншы – Асқар Майдекин (бірінші ширекте 6 ұпай) мен «Астана» экс-баскетболшысы Ройс Хэммнің теке-тіресіне куә болды. Сондай-ақ, Сардал Абашидзе көзге түсті. Алайда ойынның бірінші бөлігі пермілік команда пайдасына шешілді – 11:19.

Есеп айырмасын қысқарту және қарсыластың босаңсуына жол бермеу

Команда екінші ширекте есеп айырмасын қысқартуға, немесе кем дегенде, қарсыластың таблодағы көрсеткішті ұлғайтуына жол бермеуге тырысты. Кей сәттерде бұл алаң иелерінің қолынан келді: Абашидзе көзге түсті, Галин Смит шабуылдардың нүктесін данкпен қойды. Алайда Евгений Пашутин бастаған команда өз мүмкіндіктерін тұрақты түрде жүзеге асырып отырды. Допты тартып алудағы көрсеткіш көңілге қуаныш сыйлап, «Астана» бұл көрсеткіште көш бастады – 22:21. Ойындағы үлкен үзіліске командалар 27:41 есебімен аттанды, «Парма» алда.

Үшінші ширек. Камбэкке үміт

Үзілістен кейін «Астана» жарқын ойын өрнегін көрсетіп, үшінші ширекте 8:2 есебімен алға шықты. Вадим Щербак дәл соққымен көзге түссе, Руслан Айтқали қатарынан үш ұпайлық соққыны жүзеге асырды. Ал бұл болса камбэк жасауға үміт сыйлады. Алайда команданың бұл қуанышы ұзаққа созылмады: «Парма» қатарынан 9 ұпай еншіледі, бұл сәтте Ройс Хэмм шешуші рөл ойнады. Үшінші кезеңнің соңына таман таблодағы көрсеткіш 42:64 болды.

«Астана» төртінші кезеңде лайықты ойын өрнегін көрсетті

Ойынның қорытынды бөлігінде «Астана» мінез көрсетті, жылдамдықты арттырды және кезеңді өз пайдасына шеше білді (20:19). ВТБ Бірыңғай Лигасы хайлайттарына енуге лайықты жарқын сәттер көп болды. Мәселен, Асқар Майдекин жоғарыдан соққы жасады, Галин Смит көзге түсті, Сардал Абашидзе данк авторы атанды, Вадим Щербак та коамндаға ұпай сыйлады. Дегенмен, толыққанды күрес жүргізіп, есеп айрымасын қысқарту үшін күш пен ресурс жетіспеді. Команда құрамы толық болғанда, бұдан да нәтиже көрсете алуы мүмкін еді.

 «Астана» — «Парма» 62:83 (11:19, 16:22, 15:23, 20:19)

«Астана»: Асқар Майдекин (15 ұпай, 5 рет допты алу), Руслан Айткали (11 ұпай), Вадим Щербак (10 ұпай), Галин Смит (10 ұпай, 11 рет допты алу).

«Парма»: Ройс Хэмм (22 ұпай, 6 рет допты алу), Самсон Руженцев (18 ұпай), Алекс Хэмилтон (17 ұпай, 7 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Бірінші кезекте, «Парманы» жеңісімен құттықтаймын. Ал екіншіден, өз ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Әсіресе, ауырып тұрғандарына қарамастан алаңға шығып, ойнаған Рустам Мурзагалиев пен Саша Оразбековке. Өткен ойын сияқты бұл матчты да өз есебімізге жаза аламыз. Кей сәттерде шеберлік, кей сәтте шыдамдылық жетіспеген болуы мүмкін. Әрине, құраммен де мәселелер бар екені жасырын емес. Командадағы ең маңызды позицияда жарақатынан енді айыққан ойыншылар… Гриша Мотовиловты құрамға оралуын күтеміз».

Асқар Майдекин, «Астана» БК орталық ойыншысы:

«Матч алдында құрамға қатысты мәселелермен бетпе-бет келдік, алайда күрес көрсете білдік, жастар алға қарай бір қадам жасады. Жұмыс істеуді жалғастырып, сапалы баскетбол көрсетуге тырысып жатырмыз».

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021