Плей-офф үшін талас жалғасуда!
«Астана» Мәскеуде «Рунаны» жеңді.
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы сырт алаңдағы ойындар сериясы аясындағы соңғы матчын өткізіп, Мәскеуде «Рунаны» жеңіп кетті. Кездесу 70:75 есебімен (16:20, 16:15, 20:18, 23:17) Фотиос Такианос бастаған комада пайдасына шешілді.
Команда сапынан Маркелл Джонсон (19 ұпай, 5 допты алу), Карвел Андерсон (19 ұпай, 5 пас) мен Джордан Скиппер-Браун (18 ұпай, 11 допты алу) матчтың үздік ойыншылары атанды.
«Айтар сөзім жоқ. «Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Өте нашар ойынымыздың нәтижесінде осы жеңіліске лайық болдық», — деді баспасөз мәслихатында алаң иелерінің бас бапкері Эртурул Эрдоган.
Осылайша, «Астана» плей-ин аймағындағы орын үшін таласын жалғастырады. Осы күресте «Руна» қазақстандық клубтың басты қарсыласы екенін еске сала кетейік.
Алда команда 21 және 24 наурыз күндері Алматыда матчтар өткізеді. Билеттерді Ticketon сайтынан алуға болады.