ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
01.02.2024, 17:00 Бс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
69:97
Негізгі уақыт
14:19 15:20 25:24 15:34
Ойын нөмірі:
Көрермен: 2157
Енисей
Красноярск

Тұрақты маусымның бірінші кезеңі аяқталды!

01.02.2024, 19:00    Просмотров: 145
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы бірінші кезеңі аясындағы соңғы матчын Красноярскінің «Енисейіне» қарсы өткізді. Өкінішке қарай, бұл ойында жеңіс қарсылас команда еншісінде кетті — 69:97.

Елордалық клуб сапынан Маркелл Джонсон (17 ұпай, 7 пас), Ройс Хэмм (17 ұпай, 8 допты алу) мен Карвелл Андерсон (16 ұпай) матчтың үздік ойыншылары деп танылды. Сонымен қатар, Джордан Скиппер-Браун астаналық команда сапындағы дебюттік ойынында алаңда 20 минут өткізіп, 5 ұпай еншіледі және 5 рет допты алды.
 

«Алаң иелерінің соққы жасауда жолы болмаса, біз допты алуды және үш секундтық аймақты өз бақылауымызда ұстадық. Осы сәт жеңіске жетуімізде шешуші рөл ойнады, өйткені әдетте шабуылымызда қиындық тумағанымен, соңғы уақытта қорғаныста нашарлау ойын өрнегін көрсетіп жүрдік. Ал бүгін қорғаныста жақсы ойнадық, нәтижесінде жеңіске қол жеткіздік», — деп ойынды қорытындылады «Енисей» бас бапкері Йовица Арсич.

Халықаралық үзіліс алдында «Астана» тұрақты маусым екінші кезеңінің екінші матчын өткізеді. Олег Киселев шәкірттері 9 ақпан күні «Пари НН», ал 12 ақпанда «Автодорды» қабылдайды. Билеттер жақында сатылымға шығады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1981 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: «Арена Север»
Қала: Красноярск Сайт: www.basket-enisey.ru

Сипаттамасы

«Енисей» - ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск өлкесінен, 1981 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей Суперлигасының «Б» күміс жүлдегері – 2004/2005, 2005/2006
  • Ресей Кубогының қола жүлдегері – 2011