ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
12.11.2023, 15:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
80:72
Негізгі уақыт
31:23 15:15 13:15 21:19
Ойын нөмірі:
Көрермен: 975
Уралмаш
Екатеринбург

«Уралмаштан» басым түстік!

12.11.2023, 17:00    Просмотров: 271
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының үй сериясы аясында кезекті матчын өткізді.

Елордалық клуб алғаш рет турнирдің тұрақты чемпионатында Екатеринбургтің «Уралмашымен» кездесті – бұған дейін қазақстандықтар Приматов Кубогында Лига дебютанттарымен ойнап, жеңіліп қалды.

Бұл жолы «Астана» ойынның алғашқы минуттарынан-ақ «Уралмашқа» басымдық берген жоқ, бірінші кезеңнің ортасында қонақтар ұпай санын теңестірген. Қарсылас финалдық кезеңде біздің командаға жақындай алды, алайда елордалық баскетболшылар бастағанын соңына дейін жеткізіп, 80:72 есебімен жеңді.

Олег Киселев командасының құрамында Карвел Андерсон (19 ұпай, 6 пас), Девин Дэвис (19 ұпай, 6 рет допқа жету, 6 тосқауыл), Ройс Хэмм (17 ұпай, 8 рет допқа жету) және Рустам Мырзағалиевті (12 ұпай, 5 допқа жету) ерекше атап өткен жөн.

Сондай – ақ, қазіргі уақытта Ройс Хэмм үш ұпайлық лақтыруды жүзеге асыру пайызы бойынша лиганың екінші үздік ойыншысы (53.8%) екенін атап өткен жөн. Рустам Мырзағалиев екінші матч қатарынан жетеуден төрт «үштікті» салып, кестеде сегізінші орынға тұрақтады.
 

«Ең алдымен «Астананы» лайықты жеңісімен құттықтағым келеді. Бүгін олар озық болды және лайықты түрде жеңді. Менің ойымша, біз матчты өте нашар бастадық. Әдетте біз әрқашан жинақы ойнайтынбыз, бірінші кезеңде не істеу керектігін білеміз және өз ойынымызды көрсетеміз. Бұл жолы басқаша болды. Олар бірден бірінші кезеңде біздің қорғанысымыздың олқылығынан басымдыққа қол жеткізді, содан кейін біз қуып жетуге тырыстық, көріп отырғаныңыздай, бұл біздің пайдамызға шықпады», — деді ойыннан кейін «Уралмаш» жаттықтырушысы Милош Павичевич.

Енді «Астана» үй сериясын «МИНСККЕ» қарсы ойынмен аяқтайды. Кездесу 15 қарашада, сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Ticketon және «Давай Сходим!» сайттарынан сатып алуға болады.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: жасыл, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Уралочка» спорт сарайы
Қала: Екатеринбург Сайт: https://bcuralmash.ru

Сипаттамасы