Бүгін «Астана» Батыс Азия Суперлигасының жартылай финалында ойнайды.
Қарсылас – Бахрейн тарихындағы ең атақты клуб, 1946 жылы құрылған және содан бері ел чемпионатында, ұлттық кубокта және Суперкубокта 40-тан астам түрлі атақтарға ие болды. Сондай-ақ, 2000 жылы «Әл-Манама» ФИБА Азия чемпиондар Кубогының қола жүлдегері атанды.
Қазір команданы грек-кипр маманы Гавриэль Пантелис жаттықтырады. Сегіз Финал шеңберіндегі команданың басты жұлдыздары деп американдық қорғаушы Сир'Доминик Пойнтерді (әр ойынға 15 ұпай, 10.5 допқа жету және 3.5 ассист), сондай-ақ Бахрейн қорғаушысы Мұстафа Рашидті (бір матчқа 18.5 ұпай) айтуға болады.
Үндістан клубының А тобына қатыспауына байланысты тек үш команда бақ сынағандықтан, «Әл-Манама» осы кезеңде тек екі ойын өткізді: «Әл-Риядиден» жеңіліп, «Бейрутты» жеңді.
«Астана» мен «Әл-Манама» арасындағы жартылай финалдық ойын 21:00-де басталады, кездесуді Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.