«Астана» Атырауда Қазақстан Кубогі топтық кезеңі аясында екінші матч өткізді.
Олег Киселевтің командасы алматылық IRBIS-ті 66:82 есебімен жеңді.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық клуб шамалы есеппен алға шыққанына қарамастан, екінші кезеңде жағдай жақсы жаққа өзгерді. «Астананың» көшбасшылары Рустам Мырзағалиев (20 ұпай, 3 нәтижелі пас, 3 тосқауыл), Олег Балашов (13 ұпай, 4 рет доп алу, 7 пас, 2 тосқауыл), Асқар Майдекин (10 ұпай, 7 рет доп алу) және Вадим Щербак (13 ұпай) болды.
Алматылықтар арасында Роберт Пан ерекше көзге түсті (16 ұпай, 11 доп алу, 2 пас, 4 тосқауыл).
Енді «Астана» Кубок жартылай финалында «Ақтөбемен» ойнайды, ал IRBIS «Атырау Барыстарымен» кездеседі. Екі ойын да жұма, 10 ақпанда өтеді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.