ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Самара
Самара
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
15.02.2023, 21:00 Ср
Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені (Самара)
89:75
Негізгі уақыт
26:16 25:14 17:24 21:21
Ойын нөмірі: 0
Көрермен: 2947
Астана
Астана

«Самарамен» ойнаймыз: матчқа превью

15.02.2023, 10:00    Просмотров: 620
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы қайта оралады: ұлттық Кубокты жеңген «Астананың» қазақстандық ойыншылары Атыраудан оралды, артынша легионерлермен бірге Самараға аттанды, онда Олег Киселевтің командасы тұрақты чемпионаттың екінші кезеңінің кезекті матчын өткізеді.

Бүгінгі қарсыласымыздың тарихын еске түсірейік: клуб 1976 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Генрих Приматовтың бастамасымен сол кезде Куйбышев деп аталатын қалада құрылды. Бастапқыда команда «Құрылысшы» деп аталды.

2003 жылдан бастап «Самара» балалар мен жасөспірімдер бағытын дамытуға баса назар аударды, ал 2012 жылдың жазында клуб кәсіби мәртебесін қайтарды. Команда екі рет Суперлига чемпионы атанды (2018/19 және 2020/21 маусымдары) және екі рет Ресей Кубогын жеңіп алды (2019/20 және 2021/22 маусымдары). ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бұл маусым клубтың дебюті саналады. 

Ойыншы ретінде «Астананың» бас бапкері Олег Киселев 1998/99 және 2000/02 маусымдарында «Самара» сапында өнер көрсетті. Ал 2006-2009 жылдары Ресей клубының бас бапкері «Астананың» бұрынғы бас директоры, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды.

Қазір Сергей Базаревичтің ұжымы — плей-оффқа шығуы мүмкін командалардың бірі. Сәйкесінше «Астанаға» әр ойында жеңіске жету керек.

«Чемпионаттың бірінші кезеңінде «Самарамен» екі ойында сәтсіздікке ұшырадық және қазір жағдайды түзеткіміз келеді. Қазіргі уақытта бізде байланыс тұрғысында белгілі бір проблемалар бар: ойыншылардың бір бөлігі Қазақстан Кубогына қатысқан кезде, екіншісі бөлек жаттықты. Бірақ мұның бәрін біз қорғаныстағы барынша сауатты ойынмен реттеуіміз қажет» — деді ойын алдында «Астананың» бас бапкері Олег Киселев.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады, ойынды клубтың ресми сайтынан көруге болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Самарада сәл жетпеді

15.02.2023, 23:00    Просмотров: 494
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында кезекті матчын өткізіп, «Самарадан» жеңіліп қалды.

Бірінші бөлік Олег Киселев командасы үшін сәтсіз өтті, үлкен үзіліске қазақстандық клуб -21 айырмашылықпен ұтылды. Алайда, үшінші кезеңде елордалық ұжым 17:24 есебімен жеңіске жетіп, бәсекені қайтара алды. Өкінішке орай, «Астана» соңғы тоқсанда да жеңіске жеткеніне қарамастан «Самара» ойын соңында ыңғайлы есепті қамтамасыз етіп, 89:75 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» құрамында 32 ұпай жинаған Кваме Вон ерекше көзге түсті. Алаң иелері сапынан Джеймс Эннис (21 ұпай, 7 рет допты алу), Максим Барашков (19 ұпай), Джордан Теодор (15 ұпай) ерекшеленді.
 

«Жеңгенімізге қуаныштымын. Мен көптеген жанкүйерлердің келгеніне таң қалды, олар қазір атағы асқандарға ғана емес, біздің ойынға көбірек келеді деп үміттенемін. Мен бірінші кезеңге қанағаттанамын: жақсы ойнадық, ұпай санымен алға шықтық, бірақ екінші кезеңге көңілім толмады. Үлкен үзілістен кейін біз қарсыласымыз жол беретіндей көңіл күймен шықтық», - деді «Самараның» бас бапкері Сергей Базаревич ойыннан кейін.

«Астана» келесі ойынын енді 4 наурызда «ПАРМА-ПАРИ» командасына қарсы өткізеді. Ал 23 және 26 ақпанда қазақстандық баскетболшылар ұлттық құрама сапында Қытай мен Австралияға қарсы ойнайды.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1977 Клубтық түстері: көк, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені
Қала: Самара Сайт: https://bcsamara.com

Сипаттамасы

«Самара» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Самара қаласынан, 1977 жылы құрылған.

Жетістіктері:,
  • FIBA кубогының иегері — 2007
  • Суперлига-1 жеңімпазы — 2018/2019, 2020/202
  • Ресей Кубогының жеңімпазы — 2019/2020, 2021/2022