«Астана» Мәскеуде МБА-мен кездесіп, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті көшпелі ойынды өткізді.
Бірқатар көшбасшылардың болмауына қарамастан, Олег Киселевтің командасы алаң иелеріне күрес жүргізе алды және матч қарқыны соңғы бөлікке дейін сақталды.
Ойынның екінші ширегі «Астананың» жеңісімен аяқталды, алайда бұл сәттілік Даниил Аксеновтың алаңнан қуылуынан соң басқаша жалғасты.
Матчтың соңғы кезеңі «Астана» үшін сәтсіз аяқталды: МБА ойынды жаңартып, 81:59 есебімен жеңіске жетті.
«Астананың» көшбасшылары — Майкл Майерс (15 ұпай, 18 допқа жету), Максим Марчук (11 ұпай) және Олег Балашов (10 ұпай). Елордалық клубтың америкалық баскетболшысы бір матчта допқа бірінші жету бойынша маусымның рекордын орнатты.
«Бірінші кезекте, мен «Астананың» тамаша ойынын атап өтуім керек — тіпті барлық проблемаларымен олар «Зенитке» тойтарыс берді, бүгін 35 минут өте жақсы баскетбол көрсетті. Бізге келетін болсақ, осал ойынт көрсетіп, есе жіберіп жаттық. Соңында ғана еңсе тіктеп, ойынымызды көрсеттік», — деді матчтан кейін қарсыластың бас бапкері Василий Карасев.
Келесі матчты «Астана» 13 желтоқсанда үйде өткізеді, «Автодор» қонаққа келеді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.