ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
20.01.2023, 20:00 Жм
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
67:98
Негізгі уақыт
20:30 15:25 16:25 16:18
Ойын нөмірі:
Көрермен: 423
Локомотив-Кубань
Краснодар

«Локомен» ойнаймыз: матчқа превью

20.01.2023, 10:00    Просмотров: 641
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатының бірінші кезеңінің қорытынды матчын өткізеді.

Қарсылас — Краснодар қаласының «Локомотив-Кубань» ұжымы. Естеріңізге сала кетейік, клуб 1946 жылы Минералды суда құрылды және көптеген жылдар бойы КСРО мен Ресей лигаларында ойнады. 2000 жылы «Локо» Санкт-Петербургтің «Спартагын» финалда жеңіп, баскетболдан Ресей Кубогының тарихындағы алғашқы иегері болды.

2003 жылы команда Ростов облысына, ал алты жылдан кейін Краснодарға көшті. ВТБ Бірыңғай лигасында «теміржолшылар» 2011/12 маусымнан бастап өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болды.

Турнирдегі «Локоның» басты жетістігі – 2012/13 ұтыс ойынындағы күміс, финалда команда Мәскеудің ЦСКА-нан жеңілді. Сол маусымда Краснодар Еуропа баскетбол клубының екінші маңызды турнирі – Еурокубоктың жеңімпазы атанды.

Локомотив Кубань баскетбол клубы 2022/2023

Қазір Александр Секуличтің командасы плей-оффқа қатысады, турнир кестесінің жоғарғы алтылығында.«Локо» 21 матч өткізді, оның 11-н жеңіп, 10-да жеңілді.

Егер ойыншылар туралы айтатын болсақ, қаңтар айында «Денвер» мен «Галатасарай» экс-форварды Акун-Пурселл ДеВон командада дебют жасады. Оның бір ойындағы орташа ұпайы 18.5 құрайды, бұл — лигадағы ең жақсы көрсеткіш. Алайда, қазіргі уақытта американдық тек екі матчта ойнағанын ескерген жөн.

Акун-Перселл ДеВон

Сондай-ақ, «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джейлен Барфордты (ойынға 16.3 ұпай), Даррал Уиллисті (матчқа 7.1 рет доп алу) және Александр Щербеневті (кездесуге 5.3 нәтижелі пас) ерекшелеп өту қажет.

«Астана» мен «Локомотив-Кубань» 16 рет кездесті, оның 11-де қарсылас жеңді. Қазақстандық клубтың құрамында 2012-2014 жылдары Краснодар командасында ойнаған Валерий Лиходей бар. Ағымдағы маусымда бүгінгі қарсыластар арасындағы алдыңғы кездесу «Локо» пайдасына 73:53 есебімен аяқталды.

Валерий Лиходей

«Локомен» кездесу – біз үшін тұрақты чемпионаттың бірінші кезеңіндегі қорытынды ойын. Жанкүйерлерімізді қызықты баскетболмен ғана емес, жеңіспен де қуантуға тырысамыз. Қиын ойын кестесіне қарамастан, біз бұған толығымен назар аударып, жұмылуымыз керек!» — деді ойын алдында «Астананы» бас бапкері Олег Киселев.

Матч «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Бірінші кезең аяқталды

20.01.2023, 22:00    Просмотров: 530
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты чемпионатының бірінші кезеңінің қорытынды матчын өткізді.

«Локомотив-Кубаньмен» кездесу Краснодар клубының пайдасына 67:98 есебімен аяқталды.

Матчтың үздіктері Девон Акун-Пурселл (17 ұпай, 5 допты алу) және «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джейлен Барфорд (17 ұпай, 5 допты алу) болды. Қазақстандық командадан Маркелл Джонсонды (22 ұпай) және Кваме Вонды (17 ұпай) атап өтуге болады.

«Локомотив-Кубань» үшін Астанада өткен ойындар оңай болған жоқ, жеңілістер де болды. Сондықтан біз мұнда ең сапалы баскетбол көрсету үшін келдік. Біз мұны іске асырдық, осы маусымдағы ең жақсы ойындардың бірін өткіздік. Бұл біздің дарынды жастарымыз үшін өте маңызды жеңіс және менің ойыншыларымның, әсіресе жас ойыншылардың жетістіктерін көрсетуі мен үшін үлкен қуаныш. Матч бойы команда ретінде ойнағанымыз да маңызды, бұл жеңістің маңызды құрамдас бөлігі болды», — деді ойыннан кейін қонақтардың бас жаттықтырушысы Александр Секулич.
 

Келесі матчты «Астана» 28 қаңтарда өткізеді, қарсылас «Енисей» болады. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылуда.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1946 Клубтық түстері: жасыл, қызыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Краснодар Сайт: lokobasket.com

Сипаттамасы

«Локомотив-Кубань» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • Ресей кубогының иегегері – 2000, 2018
  • РТЖ халықаралық кубогының жеңімпазы – 2007, 2008
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2017/2018
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Корач кубогының финалына шыққан – 2001/2002
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2013/2014
  • Еуролиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2014/2015
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2000/2001, 2001/2002, 2011/2012, 2014/2015