«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті матч өткізді.
Бұл жолы Олег Киселевтің командасы турнир кестесінің көшбасшыларының бірі – Қазанның УНИКС ұжымын қабылдады. Майкл Майерстің жарақатына байланысты ойынға қатыспауы жағдайды одан әрі ушықтырды.
«Сарыарқа» велотрегіндегі кездесу қонақтардың пайдасына 41:79 есебімен аяқталды.
Өткен ойынның қорытындысы бойынша «Астана» көшбасшыларының бірі Дмитрий Гаврилов болды (11 ұпай, 4 рет дорқа жету). УНИКС сапынан Джален Рейнольдсты ерекше атап өту керек (16 ұпай, 9 рет допқа жету).
ВТБ Бірыңғай Лигасындағы келесі матч Минскіде 25 желтоқсанда өтеді. Ал 28-29 желтоқсанда «Сарыарқада» «Тобылға» қарсы үй сериясы өтеді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.