Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXX Қазақстан Чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
06.04.2022, 19:30 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
108:52
Негізгі уақыт
23:16 31:15 33:11 21:10
Ойын нөмірі: 54
Көрермен: 0
Каспий
Ақтау

«Астана» жүз ұпайдан артық жинап, «Каспийден» алтыншы рет үстем түсті

06.04.2022, 21:15    Просмотров: 161
Источник: ҰБФ ҚР
Автор:
“Каспий” мен “Астана” ел чемпионатының Ұлттық лигасындағы екеуара ойындарын түгелдей тәмамдады. Кеше елорда ұжымы Ақтау командасын ойсырата ұтып, биылғы маусымдағы екеуара кездесулердің жалпы есебін 5:0-ге жеткізген болатын.

Ойын барысы: Матч басталған бетте “Астана” ойын тізгінін өз қолына алып, есеп айырмасын ұлғайта берді. Бірінші кезеңнің бес минутынан кейін астаналық гандикап екі таңбалы санға жетті. “Каспий” бастапқы онминуттықтың екінші жартысында қарсыласын тоқтатып, алғашқы үзіліске дейін есеп айырмасын аздап қысқартты. Әйтсе де, әжептәуір ұтылды – 16:23. “Астана” екінші кезеңде де ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ. Бұл кезеңнің бел ортасына дейін олардың басымдығы қайтадан екі таңбалы санға жетті. Ал үлкен үзіліске дейінгі бес минуттың ішінде есеп айырмасын екі есе ұлғайтып, матчтың бірінші жартысының соңында ақтаулықтардан жиырма ұпайдан артық есеп айырмасымен алда тұрды – 31:54. Үшінші кезең Ақтау ұжымы үшін ең сәтсіз ойын бөлігі болды. Оларға «Астана» қорғанысын бұзып өтудің өзі мұң болып, өздері олардың шабуылдарына төтеп бере алмады. Сөйтіп, астана командасының басымдығы үшінші онминуттық бойы тек ұлғая түсіп, соңында қырық бес ұпайға жетті – 42:87. Осылай, ойын тағдыры түпкілікті шешіліп, “Астананың” жеңіске жететіндігіне шүбә келтіретін ешкім болған жоқ. “Каспий” төртінші кезеңді кішігірім серпіліспен бастағанымен, астаналықтар оларға жауап ретінде құйындай орап соқты. Әрі матчтың аяқталуына бес минут қалғанда елу ұпай айырмасымен ұтылып жатты. “Астана” матч соңындағы бірнеше минут ішінде жүз ұпайлық межеден асып түсіп, өте ірі жеңіске қол жеткізді. Есеп – 52:108.

Маңызды сәт: Елорда ұжымы қырық минут бойы ойын тізгінін уыстарынан шығармай, үстемдік танытты.

Скайлар Спенсер

Матч үздігі: Антонио Кэмпбелл бүгін ерекше көзге түсіп, 30 ұпай жинады.

Көп ұпай жинағандар:
  • «Каспий»: Константин Нефф (10 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 3 рет допты тартып алды, 1 блокшот), Семен Пинаев (9 ұпай, 7 рет доп қағып алды), Мағжан Сәрсенғалиев (7 ұпай, 3 рет доп қағып алды).
  • «Астана»: Антонио Кэмпбелл (30 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 2 пас), Скайлар Спенсер (14 ұпай, 12 рет доп қағып алды, 2 пас, 1 блокшот), Руслан Айтқали (15 ұпай, 9 рет доп қағып алды).

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған. 

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: Халық Арена
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий