“Астана” мен “Каспий” Ұлттық лига маусымындағы екінші қос матчтық кездеслерін аяқтады. Кеше астаналық ұжым ірі жеңіске жетіп, бүгін де олардың басым түсетіндігіне ешкім де күмән келтірген жоқ.
Ойын барысы: Бұл ойынның басы кешегідей болмады, есепті Ақтаудан келген қонақтар ашты. Бірақ олар алда ұзақ тұра алмады. Бірінші кезеңнің ортасында алаң иелері үш ұпай айырмасымен алда тұрды. Ал екі минуттан кейін астаналықтар екі таңбалы сан айырмасымен алға ұзады. Сөйтіп, бірінші кезеңде “Астана” басым түсті. Есеп – 21:11. Екінші кезеңде “Каспий” жігіттерінің ойындары мүлде үйлеспей қойды. Бес минут ойын уақытында олар небәрі төрт ұпайды қанағат тұтты. Содан кезең соңына дейін бірде-бір ұпай еншілей алмады. Астана ұжымы екінші он минутта есеп айырмасын он бес ұпайға ұлғайтып, матчтың бірінші бөлігінде тым алысқа ұзап кетті. Есеп – 40:15. Шығыршық ауыстырған соң “Астана” өз басымдығын уысынан шығармай, тіпті үшінші кезеңнің бес минутынан кейін есеп айырмасын отыз ұпайға жеткізді. “Каспий” олардың есеп айырмасын бұдан әрі ұлғайта түсулеріне мүмкіндік бермей, үшінші кезеңнің соңына дейін тайталасып бақты. Бірақ соңғы кезең қарсаңында ойсырай ұтылып жатты – 59:30. Командалар арасындағы мұндай ұпай айырмасы алаң иелерінің жеңіске жететіндігін сездіріп те тұрды. Әрі “Каспий” үшін соңғы кезеңде де доп салу мұң болды. Қонақтар бес минутта небәрі үш ұпай ғана еншіледі. “Астана” шабуылға шыққанда ширақ қимылдап, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда қырық ұпайға жуық есеп айырмасымен ұтып жатты. Әрі бұл ойынды да ірі жеңіспен аяқтау, оларға аса қиын болған жоқ – 85:41.
Маңызды сәт: “Астана” бірінші кезеңнің ортасынан бастап, ойын тізгінін өз қолына алып, оны матч соңына дейін уысынан шығарған жоқ.
Матч үздігі: Скайлар Спенсер бүгінгі ойында да астана ұжымы сапындағы ең тиімді ойыншы болды.
Көп ұпай жинағандар:
Салдары: “Астана” осы жеңісінен кейін ел чемпионатының негізгі додасында бірінші сатысына орнықты, яғни енді елордалықтарды ешбір команда қуып жете алмайды. Ал “Каспий” плей-офф аймағына іліге алар емес, әзірше екі жеңіске қалып келеді.
Келесі ойындар: 29 және 30 наурыз күндері “Астана” өз алаңында “Ақтөбе” командасын қабылдайды, ал “Каспий” қайтадан Қостанайға барып, 27 және 28 наурыз күндері екі рет жергілікті “Тобылмен” кездеседі.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.