Раймундо Саргуно Кубогы
Астана
Астана
Раймундо Саргуно Кубогы, Плей-офф 1/2 финалы
13.09.2021, 19:30 Дс
Арена: Цидо Арена (Паневежис)
77:66
Негізгі уақыт
23:19 19:4 16:14 19:29
Ойын нөмірі:
Көрермен: 0
Огре
Огре

«Астана» Раймундо Саргуно кубогын жеңіспен бастады

13.09.2021, 22:15    Просмотров: 129
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Литвада өтіп жатқан, маусым алдындағы Раймундо Саргуно кубогы додасындағы алғашқы ойынын өткізді. Жартылай кезеңдік сатыдағы біздің команданың қарсыласы Латвия ұжымы “Огре” болды.

Раймундо Саргуно кубогы – Литваның “Лиеткабелис” баскетбол клубы жыл сайын өткізетін турнир. Биыл бұл додаға қатысатындар: әрине, дода қожайындары – Литва командасы “Лиеткабелис” және Қазақстанның “Астана, Латвияның “Огре”, Эстонияның “Парну Садам” клубтары. Бір жұпта литвалықтар мен эстондар финалда бақ сынау құқығын сарапқа салса, “Астана” шешуші ойынның екінші жолдамасына латыштың “Огре” командасымен таласты. Латвия ұжымы 2015/2016 маусымынан бері негізінен өз елінің ішкі чемпионатында додаға түсіп жүр. Әрі соңғы бірнеше жылда жартылай финалға шығып, тұрақты ойын өрнегін көрсетіп келеді. Ал соңына дейін өтпей қалған, 2019/2020 маусымының қорытындысы бойынша “Огре” Латвияның күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, бұл команда Балтық лигасында да өнер көрсеткен. Латвия ұжымы мен “Астана” осы ойынға дейін ресми матчтарда да, басқадай кездесулерде де бір-бірімен мүлде кездеспеген еді. Сөйтіп, бұл ойын екі ұжымның тарихындағы бірінші кездесу болды.



“Астана” ойын басында көсіле сілтеп, қарсыласы әуелде мүлдем төтеп бере алмай қалды. Қазақстан командасы бастапқы бес минутың ішінде-ақ екі таңбалы сан айырмасымен алға озды. Әйтсе де, латыштар намысты қолдан бермей, бірінші кезеңнің екінші жартысында қамшыны басты. Сөйтіп, алғашқы 10 минутта небәрі 4 ұпай айырмасымен ғана ұтылды — 23:19. Біздің жігіттер екінші кезеңнің басында да құйындай орап соғып, екі таңбалы сан айырмасымен қайтадан алға шықты. “Огре” осы кезеңнің бастапқы бес минутында небәрі 4 ұпай ғана еншіледі. Әрі осымен шектеліп, екінші кезеңде бұдан басқа соқыр ұпай да ала алмады. “Астана” үшін екінші кезең толықтай дерлік сәтті өтті. Әсіресе, қорғаныста қарсыласының адымын аштырмады. Осылай ойынның екінші жартысына +19 ұпаймен шықты – 42:23. Үшінші кезең алма-кезек шабуылмен өтті. Алайда қазақстандықтар табодағы айқын басымдықты уыстарынан шығарған жоқ. Соңғы кезең алдында Дарко Руссо командасының уысындағы гандикап 20 ұпайдан асып түсті. Бұл, әрине, соңғы кезеңде арқаны кеңге салуға мүмкіндік берді. Латыштар барлық күш-жігерлерін салып, ойын өрнегін өзгертуге тырысты-ақ, бірақ олар есеп айырмасын біршама қысқарта түсуден аспады. Ал “Астана” төртінші кезеңде ойсырай ұтылып қалса да, ойын тізгінін уысынан шығармай, матч қорытындысында ірі есеппен жеңіске жетті – 77:66.

Қазақстан ойыншылары бүгін соққы бағыттаудан тиімді ойын өрнегін көрсетіп, шығыршықтан қайтқан допты қағып алудан да көзге түсті. Бұл ретте, олар қарсыласынан 12 доп артық қағып алды. Қазақ елі командасы сапында ең көп ұпай жинаған Энтони Хикки болды – 16, сондай-ақ ол 5 рет доп қағып алып, 5 нәтижелі пас берді және 7 рет допты тартып әкетті. Джйлен Барфорд 15 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алды. Марк Тихоненко дабл-дабл орындауға шақ қалды – 9 рет доп қағып алды және 12 ұпай. Ал Максим Марчук өз еншісіне 10 ұпай жазды.

Сөйтіп, “Астана” жеңіске жетіп, Раймундо Саргуно кубогының финалына шықты. Шешуші матчтағы қарсыласы дода қожайындары, яғни Литваның «Лиеткабелис» командасы болады. Ал олар жартылай финалда Эстонияның «Парну Садам» командасын тізе бүктірген болатын — 82:77. Финалдық ойын ертең, 14 қыркүйек күні өтеді. Басталуы – астана уақытымен, 22:00-де. Бұған дейін латыштың “Огре” және эстонның «Парну Садам» командалары үшінші орынды сарапқа салады.


«Астана» КБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі мен нәтижелері:

  • 9 қыркүйек — «Juventus», Утена — 58:91
  • 11 қыркүйек — «Labas GAS», Пренай — 62:62
  • 17 қыркүйек — «CBet», Ионава
  • 18 қыркүйек — VEF, Рига

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2014 Клубтық түстері:
Мемлекет: Латвия Арена:
Қала: Огре Сайт:

Сипаттамасы