«Астана» беларусьтің «Цмоки-Минск» командасымен ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы бірінші ойынын өткізуге аттанып кетті. Матч жексенбі күні, 13 наурызда Минскідегі «FALCON CLUB» аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 20:00-де.
«Цмоки-Минск» – беларусьтің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Минск қаласынан. 2006 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасына 2010/2011 жылдар маусымында қосылған. 2012 жылға дейін «Минск 2006» деп аталды. Клубтың бас бапкері – Ростислав Николаевич Вергун..
Жетістіктері:
«Астана» түзде беларусьтің «Цмоки-Минск» клубына аз ғана есеп айырмасымен есе жіберіп алды – 66:60 (22:17, 14:7, 17:24, 13:12).
«Цмоки-Минск» (1-10) пен «Астана» (3-8) – плей-офф додасынан үміттерін үзбей жүрген ұжымдар, Екеуіне де шектен тыс маңызды, екеуара бірінші матч Минскіде өтті (ал 17 наурызда екі ұжым Нұр-Сұлтанда додаға түседі).
Лига додасы барысындағы үзіліс кезінде құрамдары өзгерген екі ұжымның ойын өрнектері ұзақ уақыт бойы үйлесе қоймады. Әрі көрермендерді нәтижелі ойындарымен қуанта алмады. Бірінші болып, ойын ырғақтарын таба алған алай иелері болды, Бірінші кезең бел ортасынан ауғанда, Евгений Белянков қатарынан бірнеше рет доп салып, «Цмоки-Минск» суырылып алға шықты. Әрі 10 минуттың қорытындысында «+5» көрсеткішімен алда тұрды.
Екінші кезеңде беларусьтар есеп айырмасын едәуір ұлғайта түсті. «Астана» негізінен қайсыбір баскетболшыларының шеберліктері мен алыс соққыларға (33,3%) иек артса, минскіліктер ұжымдық ойын үлгісін паш етіп, шабуылғы шығу үшін оңтайлы мүмкіндіктер ұйымдастырып отырды. Матчтың екінші ширек бөлігі 14:7 есебімен аяқталып, командалар үлкен үзіліске шыққанда, «айдаһарлар» 36:24 есебімен алда тұрды.
Шығыршық ауыстырған соң «Астана» түлеп сала берді. Қазақстан ұжымы 3 ұпайлық соққыларға ғана иек артқанды қойып, қимыл-әрекеттерін үдетті. Қонақтар сапында Рустам Мырзағалиев құйындай орап соғып, көшбасшылық рөльді өз қолына алды. Десек те, осы кезеңдегі 24 ұпай мен дода көрігін қыздыру, бірінші кезекте, командалық ойын өрнегін жетілдірудің арқасында жүзеге асты. Есеп – 53:48, шешуші 10-минуттық қарсаңында «Цмоки» бәрібір ада тұрды.
Төртінші кезеңде көрермендер классикалық баскетбол әткеншегінің куәсі болды. «Астана» есеп айырмасын екі мәрте 2 ұпайға дейін қысқартты, бірақ «Цмоки» қонақтарына төтеп беріп, бұл ойында сәл ғана басымдықпен жеңіске жетті.
Маңызды сәт: Матчтың аяқталуына бір жарым минут қалғанда Марк Тихоненко доға сыртынан доп салып, «Астананы» алаң иелеріне жақындата түсті (60:63). Бұдан кейін командалар сәтсіз шабуыдарымен алмасты. Ойынның аяқталуына 42 секунд қалғанда Владислав Близнюк біздің қорғанысымызды бұзып, өтіп, 2 ұпай еншіледі. Қазақстандықтар өз бақтарын тағы да доға сыртынан сынады, бірақ Мырзағалиев мүлт кетті. Беларусьтар қонақтарына тағы бір мүмкіндік сыйлап, 8 секундың ішінде допты қарсыласының алаңына жеткізе алмады. Жауап ретінде алыстан тағы бір қиыс соққы бағытталды – бұл жолы Николай Бажиннің орындауында. Бұдан кейін қонақтардың уақыттары да, мүмкіндіктері де болмады.
Көп ұпай жинағандар: Рустам Мырзағалиев (17 + 5 рет доп қағып алды + 5 пас), Марк Тихоненко (10 + 6 рет доп қағып алды), Николай Бажин (9 + 5 рет доп қағып алды).
«Астананың» бас бапкері – Дарко Руссо: «Бірінші кезекте, Минск командасын атап өткім келеді. Олар тәп-тәуір ойын үлгісін көрсетіп, шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнады, әрі өзара доппен бөлісіп отырды. Мен бұл ойында біз матчтың бірінші бөлігінде көп қателескендіктен ұтылдық деп ойлаймын. Екінші жартысында, қорғаныста біршама, сауаты ойнадық. Тіпті осы ойында жеңісті жұлып алуға шақ қалдық. Жақын арада біз «Цмокимен» қайта кездесеміз, сонда менің командам әлдеқайда ойлы да, сайлы ойын өрнегін көрсетеді деп үміттенемін».
Әрі қарай: 17 наурызда, «Цмоки Минск» командасымен өз алаңымызда қарымта матч өткіземіз.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.