ВТБ Бірыңғай лигасы 2021/2022
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
17.03.2022, 19:30 Бс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
64:65
Овер тайм
17:25 12:15 12:7 14:8 9:10
Ойын нөмірі: RS-61
Көрермен: 0
Минск
Минск

«Астана» мен «Цмоки-Минск» қарымта матч өткізеді

16.03.2022, 10:00    Просмотров: 172
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы өз алаңында, беларусьтің «Цмоки-Минск» командасымен ВТБ Бірыңғай лигасы маусымында, екінші рет кездеседі. Матч бейсенбі күні, 17 наурызда республикалық «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

«Цмоки-Минск» – беларусьтің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Минск қаласынан. 2006 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасына 2010/2011 жылдар маусымында қосылған. 2012 жылға дейін «Минск 2006» деп аталды. Клубтың бас бапкері – Ростислав Николаевич Вергун.

Жетістіктері:

  • Беларусь чемпионы: 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021.
  • Беларусь кубогының жеңімпазы: 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021.
  • Азовмаш кубогының қола жүлдегері: 2010.

Цмоки-Минск баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» Беларусьтің «Цмокиінен» өз алаңында да ұтылды

18.03.2022, 10:00    Просмотров: 178
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

«Астана» мен «Цмоки-Минск» төрт күннің ішінде екінші рет кездесті. Өткен жексенбідегі өз алаңында өткен матчта жеңіске жеткен минскіліктердің енді плей-офф додасына ілігу мүмкіндіктері арта түскен болатын.

Екі команда да ойынның бастапқы минуттарында алыс соққыларымен алмасты. «Астана» солардың біреуінде ғана нысананы дәл көздесе, қонақтар сапынан Даниил Борисевич пен Дарол Эрнандес-Зиненко және екі мәрте Алексей Тростинецкий мергендік танытты. Сөйтіп, «Цмоки» суырылып алға шықты. Әрі шабуылда өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, біздің қорғанысымызды бұзып өтіп, үш секундтық аймақта үстемдік танытумен есеп айырмасын уыстарынан шығарған жоқ – 27:17 алғашқы 10 минуттан кейін.

Екінші кезеңде, беларусьтар өз алаңында шеберліктерін паш етті. «Астана» 7 минуттай уақыт ішінде небәрі 2 ұпай ғана еншіледі. Алаң иелері тек Марк Тихоненконың алыстан салған добынан кейін ғана түлеп сала берді. Алайда «айдаһарлар» бұл кезде екі таңбадыс сан айырмасымен қара үзіп кеткен болатын. Әрі осы есеп айырмасымен олар үлкен үзіліске шықты – 40:29.

Шығыршық ауыстырған соң, 20 минут бойы үлгілі ойын өрнегін паш еткен «Цмоки» қарқындарын жоғалтып алды. Бұл кезеңді Евгений Белянковтің іркес-тіркес бес ұпайымен бастаған беларусьтардың бұдан кейін кежегелері кейін тарта бастады. Шабуылда бірнеше рет ойын ережесін бұзып, өздеріне деген сенімділіктерінен айырыла бастады. Олар 6 минут бойы доп сала алмай, пұшайман болды. Мұның кесірі зор болуы да мүмкін еді. Бірақ «Астана» шабуылда көсіле сілтей алмады. Скайлар Спенсер бастаған қазақстандықтар бұл кезеңде 12 ұпаймен ғана шектелді. Осылай, олар соғы кезең алдында есеп айырмасын 6 ұпайға дейін қысқартты.

Төртінші кезеңнің бастапқы минуттары да осыған ұқсас мәтінде өрбіді: «Цмоки» шабуыда ойын ережесін бұзып, «Астана» тым баяу болса да, есеп айырмасын қысқарта берді. Ойынның 6-минуттық бөлігінде 8:3 есебімен басым түсіп, қазақстандықтар матч соңында дода көрігін қыздыра түсті.

Ростислав Вергун алған кезекті тайм-ауттан кейін, қонақтар ақыры сәтті шабуыл ұйымдастырып, оны доға сыртынан Тростинецкий түйіндеді. «Астана» жауапты шабуылында бірнеше рет мүлт кетіп, әйтсе де үш рет допты қағып алып, ең соңында 1 ұпайды қанағат тұтты. Жалқы ұпайды айып соққысын орындаған Руслан Айтқали еншіледі. Бұдан кейін минскіліктер тағы да доптан айырылып қалып, дәл сол Айтқали 3 ұпайлық соққысымен таразы басын теңестірді. Владислав Близнюктің лақтырған добы қиыс кетіп, жеңіс әпермеді. Есеп – 55:55, яғни овертайм.

Маңызды сәт: Матч тағдыры овертайм соында шешілді. Оның аяқталуына 21 секунд қалғанда Близнюк біздің қорғанысымызды бұзып өтіп, 2 ұпай еншіледі. Содан кейін аяғының сіңірі тартылып, құлап түсті, әрі алаға содан қайтып оралмады. Жауапты шабуылда Рустам Мырзағалиевті Эрнандес-Зиненко тоқтатып, ол екі айып соққысын мүлтіксіз орындады – 64:63, ойынның аяқталуына 15 секунд қалған. «Цмоки» тайм-ауттан кейін нәтижелі шабуыл ұйымдастырды, Борисевич шығыршық түбінде Марк Тихоненкомен қалып, Ресей құрамасының ойыншысы ереже бұзды. Даниил айып сызығы бойынан «айдаһарларды» қайтадан алға шығарды. «Астананың» тайм-аут алатын мүмкіндігі түгесілген, алаңның келесі шетіне пас беру мүмкіндігіміз сәтсіз аяқталды – беларусьтар жеңісті жұлып әкетті.

Көп ұпай жинағандар: Скайлар Спенсер (16 + 13 рет доп қағып алды), Рустам Мырзағалиев (12), Руслан Айтқали (11), Олег Балашов (10 + 7 рет доп қағып алды).

«Астананың» бас бапкері міндетін атқарушы – Деян Парежанин: «Цмоки-Минск» командасын жеңісімен құтықтаймын. Сонымен қатар, өз командамыздың қорғаныстағы жанкештілігін атап өткім келеді. Ойынның бірінші жартысында бізде жігерлілік болмады. Екінші жартысында қорғаныстағы ойын өрнегімізді түзеп, үшсекундтық аймақты қата бақылауға алдық. Бірақ овер-таймның соңғы екі минутында біз сәл босаңсып қалдық, бұл жеңіліске ұшырауымызға ұласты.

Әрі қарай: 20 наурызда, «Автодор» командасымен өз алаңымызда ойнаймыз.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2006 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Белоруссия Арена: Falcon Club
Қала: Минск Сайт: www.bc-tsmoki.by

Сипаттамасы

«Цмоки-Минск» – беларустің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Минск қаласынан, 2006 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Беларусь чемпионы – 2009/2021
  • Беларусь кубогының жеңімпазы – 2010/2021
  • Азовмаш Кубогының қола жүлдегері – 2010

Команданың жалпы суреті

Минск