ВТБ Бірыңғай лигасы 2021/2022
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
10.12.2021, 19:30 Жм
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
80:87
Овер тайм
28:18 7:16 21:12 14:24 10:17
Ойын нөмірі: RS-48
Көрермен: 0
Енисей
Красноярск

«Астана» ВТБ лигасында биылғы өз алаңындағы соңғы ойынын «Енисеймен» өткізеді

09.12.2021, 10:00    Просмотров: 136
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Шамамен екі айдан соң, ВТБ Бірыңғай лигасы додасы Қазақстанға оралады – «Астана» баскетбол клубы өз алаңында Ккрасноярскінің «Енисей» командасын қабылдайды. Матч жұма күні, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Өз алаңымызда өтетін матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінеміз. Аренаға тек Солтүстік есіктен ғана кіруге болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы).


«Енисей» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск қаласынан, 1981 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, FIBA Еуропа кубогында додаға түскен, бірақ іріктеу кезеңінен өте алмай, одан тыс қалды.

Жетістіктері:

  • Ресей суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей суперлигасындағы «Б» дивизионыны күміс жүлдегері – 2004/2005, 2005/2006
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2011


Енисей баскетбол клубы 2021/2022

Команда құрамы:

Маусым аралығында Красноярск командасынан, әрі ВТБ Бірыңғай лигасынан америкалықтар Лейтон Хэммондс, Керрон Джонсон, Джордан Мэтьюс, Таюс Бэттл және Дастин Хог кетіп қалды. Ресейлік үш ойыншы да “Енисейде” қалмады – Артем Комиссаров, Илья Попов және Михаил Кулагин. Соңғысы ғана, Красноярск ұжымынан кеткен ойыншылардың ішінде ВТБ Бірыңғай лигасында қалып, “Нижний Новгород” командасына ауысты. “Енисей” сапында былтырғы маусымнан алты ойыншы ғана қалды, әрі бәрі де ресейліктер – Александр Гудумак, Иван Викторов, Сергей Балашов, Сергей Митусов, Тимофей Якушин және Дмитрий Сонько.

Биылғы маусымда “енисейліктер” сапын төрт америкалық ойыншы толықтырды. Олардың үшеуі ВТБ Бірыңғай лигасына алғаш рет келіп отыр. Тек шабуылшы Даррал Уиллис ғана 2019/2020 жылдар маусымында “Нижний Новгород” сапында ойнаған. Ал кәсіби мансабын Кипрдің “Кераснос” командасында бастаған. Әрі осы ұжыммен Кипр чемпионы атанып, Кубогын да жеңіп алған. Былтырғы маусымды “Манако” командасы сапында бастап, Италияның “Брешиа” клубында тәмамдаған. Тәжірибелі қорғаушы Каспие Уэйр өз бағын NBA жазғы лигаларында, яғни “Детройт Пистонс”, “Хьюстон Рокетс” және “Бруклин Нетс” клубтары сапында сынап көріп, тіпті NBA негізгі маусымында “Филадельфия СевентиСиксерс” клубымен онкүндік келісімшартқа да отырған. Алайда, аталмыш лигадағы карьерасы осымен тәмам болады. Еуропада ол Италияның “Новипью Касале Монферрато” және “Виртус Болонья”, немістің “ЭВЭ Баскетс Олденбург”, Францияның “АСВЕЛ” және Польшаның “Стал Остров” командалары сапында ойнап шығады. Сондай-ақ, Қытайдың “Тианжин Ронгган”, Австралияның “Мельбурн Юнайтед” және “Сидней Кингз” командалары құрамында өнер көрсеткен. Өз карьерасында Франция және Австралия чемпионы болып, Германия кубогының жеңімпазы атанған. Қорғаушы Район Браун карьерасын Израилде бастап, “Хапоэль Тель-Авив” сапында ойнаған. Одан кейін Бельгияның “Эксельсиор Брюссель”, Финляндияның “Катайя”, , Францияның “ЖДА Дижон”, Грекияның “Промитеас Патрас” және “Панатинаикос”, Түркияның “Тофаш”, Словенияның “Цедевита Олимпия” командаларында ойнап үлгерген. Соңғысымен Словения чемпионы және Кубогы жеңімпазы атанып, “Катайямен” Финляндия чемпионы болған. Қорғаушы Брайтон Лемардың кәсіби карьерасы Францияның “Нэнси Баскет” командасынан арна тартқан. Одан кейін Францияның “Каен Баскет”, Венгрияның “Сопрони”, Польшаның “Старт Люблин”, Түркияның “Газиантеп” және Италияның “Реджиана” командаларында ойнап шыққан. Сонымен қатар, Красноярск командасына Ресей азаматтықтары бар бес ойыншы қосылды. Шабуылшы Владислав Трушкин 2016/2017 маусымында “Енисей” сапында бақ сынаған. Ал оған дейін “Спарта и К”, “Динамо Мәскеу” және “Спартак Владивосток” командаларында ойнаған. ВТБ Бірыңғай лигасында ол “Енисейден” басқа, “УНИКС” сапында бір, ал “Зенит” құрамында үш маусым өнер көрсеткен. Орталық шептегі Александр Винник карьерасы басталғаннан бастап, 7 маусым бойы “ПАРМА” командасында ойнаған. Содан кейін бір маусым “НН” намысын қорғады. Былтырғы маусымда Ресей Суперлигасындағы “Самара” сапында болды. Шабуылшы Алексей Бабушкин спорттық мансабын “Спарта и К” командасында бастап, одан кейін төрт маусым “Зенитте” болды. Бірақ осы уақыт аралығында ол “Темп СУМЗ-УГМК”, “Спартак (СПБ)” және “Иркут” командаларына жалға берілді. Бұдан кейін “Спартак (СПБ)” сапында бір маусым ойнап, “Автодордың” да жейдесін киді. Былтырғы маусымды ол тағы да Суперлигада өткізіп, “МБА” құрамында ойнады. Қорғаушы Тимофей Герасимов карьерасын “Локомотив-Кубань” жүйесінде бастаған, онда ол негізгі команда да, фарм-команда “Локомотив-Кубань ЦОП” сапында да ойнаған. Ал былтырғы маусымды “Нижний Новгородта” өткізді. Қорғаушы Александр Ершов – ЦСКА түлегі. Бұған дейін осы команданың (ЦСКА) ВТБ Бірыңғай лигасына тіркелген құрамында болған. Алайда, әзірше бірде-бір ойын өткізген жоқ.

Дражен Анзулович

Бас бапкер: Красноярск ұжымының жатықтырушылары құрамы былтырғы маусыммен салыстырғанда өзгерген жоқ. Бас бапкер лауазымында – сол бұрынғысынша, хорват маманы Дражен Анзулович. Ал оған бұрынғыдай, ресейлік жаттықтырушылар Павел Дергачев пен Сергей Васильев көмектеседі.

Команда көшбасшылары: Ұжымды алға сүйреп жүргендер – америкалықтар Даррал Уиллис және Каспер Уэйр, сондай-ақ Район Браун. Бұл үшеуінің еншісінде – орта есеппен әр ойында, шамамен 60 ұпай. Сонымен қатар, команданың негізгі құрамына Бринтон Лемар, Тимофей Герасимов, Сергей Балашов және Алексей Бабушкин ілігіп жүр. Ал Александр Гудумак, Иван Викторов және Сергей Митусов әр ойында он минуттан артық ойнап келеді.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Енисей” биылғы маусымда алты ойын өткізді. Келесі қарсыласымыз маусымды сәтті бастап, түзде “Калевтен” басым түсті. Одан кейін УНИКСтен ұтылып қалды, іле-шала өз алаңында “Зениттен” ойсырай ұтылды. Бұдан соң, түзде “Локо” жігіттерінен жеңіліп, өз алаңында “Автодорға” да төтеп бере алмады. Ал осыдан үш күн бұрын, түзде “Зенитке” тағы да ірі есеппен есе жіберді. Красноярск командасы қазір оныншы орында, ал “Астана” алты ойында екі рет жеңіске жетіп, турнир кестесінің тоғызыншы сатысында тұр.

Кездесулер тарихы: «Енисей» былтырғы маусымда астана ұжымынан екі рет басым түсіп, соның арқасында ВТБ Бірыңғай лигасындағы екеуара кездесулерде алға озды – 8:6.

Қызықты деректер: Букмекерлер бұл ойында Қазақстан командасы жеңіске жетеді деген болжамда, бірақ оған сенімділер аса көп емес. 

Матч жұма күні, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Аренаға кіру тек Солтүстік есіктен жүзеге асырылатын болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы), мына сызбаға сай:



Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1981 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: «Арена Север»
Қала: Красноярск Сайт: www.basket-enisey.ru

Сипаттамасы

«Енисей» - ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Красноярск өлкесінен, 1981 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Ресей Суперлигасының «Б» дивизионы чемпионы – 2006
  • Ресей Суперлигасының «Б» күміс жүлдегері – 2004/2005, 2005/2006
  • Ресей Кубогының қола жүлдегері – 2011

Команданың жалпы суреті

Енисей