«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лигадағы чемпиондық атағын қорғауды үш жеңіске дейін созылатын жартылай финалдық сатыда, Ақтаудың «Каспий» командасымен бастайды. Екеуара дода бес ойынға дейін созылса да, барлық ойындар 26 сәуірден 1 мамырға дейін, Нұр-Сұлтанда өтетін болып жоспарланған. Бастапқы үш ойын астана уақытымен 19:30-да басталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! — Коронавирус нәубеті салдарынан, астанаға енгізілген шектеу шараларына байланысты, матч көрерменсіз бос трибуналарда өтеді.
«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.
«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.
Жетістіктері:
“Астана” ел чемпионатының негізгі бөлігінде Ақтау командасымен 4 рет кездесіп, төртеуінде де қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Осылайша, жартылай финалдық кезеңде де біздің команда фаворит болып есептеледі. Биылғы маусымда өткен ел Кубогының екі додасында да “Каспий” біздің командамен жартылай финалдарда кездесіп, екеуінде де “Астана” үстем түскен.
Команда құрамындағы өзгеріс: Ұлттық лига аясындағы екеуара соңғы матчтармен салыстырғанда, ал бұл ойындар күнтізбедегі жылдың сонау қараша айында өткен, қарсыласымыздың құрамына екі ойыншы қосылды. Екеуі де “Алматы Легионы” командасынан ауысып келді: ресей қорғаушысы Роман Лагутин ендігі Қазақстан баскетболы жанкүйерлеріне жақсы таныс, ол міне үшінші маусым болды, Қазақстан командалары сапында ойнап жүр – “Алматы Легионы”, “Синегорье”, енді “Каспий”. Қазақстан шабуылшысы Роман Марчук кезінде біздің командада ойнаған, ал оның інісі Максим “Астананың” намысын қазір де қорғап жүр.
Команда көшбасшылары: Америкалық Колин Доэрти тиімділігі және нәтижелілігі жағынан Ақтау командасының көшбасшысы болып саналады. Бірақ ол биылғы жылғы қаңтар айынан бері алаңға шыққан жоқ. Тағы бір америкалық ойыншы Юджин Артисон команданың соңғы екі ойынында алаңға шықпады, бірақ ойын хаттамасына тіркелген болатын. Екі Роман дағ яғни Лагутин мен Марчук командаға тез сіңіп, бейімделіп кетіп, қазір ақтаулықтардың көшбасшыларының бірі болып шыға келді. Сондай-ақ команданың негізгі құрамында ресейлік орталық шеп ойыншысы Денис Орленко пен Қазақстан шабуылшысы Денис Дегтярев ойнайды.
Екі команда арасындағы барлық ойындар Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. 27, 28 және 30 сәуір күндері өтетін бастапқы үш ойынның басталуы астана уақытымен 19:30-ға жоспарланған. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лиганың жартылай финалдық додасын жеңіспен бастап, «Каспий»командасынан үстем түсті.
Бірінші шабуылда біздің капитан Рустам Мырзағалиев үш ұпайлық “энд уан” орындап, есеп ашты. Бірінші минутта Максим Марчук пен Оярс Силиньш та доп салып, біздің кэпты қолдады. Ақтаулықтардың жаттықтырушылары “Астананың” алғашқы қарқынын тоқтату үшін тайм-аут алуға мәжбүр болды. Тек осыдан кейін ғана “Каспий” бүгінгі ойындағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Бұдан әрі біздің шабуылдарымызды тағы да Мырзағалиев, Силиньш, Марчук сәтті аяқтап, оларға Дмитрий Гаврилов та қосылды. Алайда ақтаулықтар да қарап қалмады – “Каспий” бірте-бірте есеп айырмасын қысқарта бастады. Тіпті кезеңнің аяқталуына төрт минут қалғанда, алға да шығып кетті. Енді біздің командаға тайм-аут алуға тура келді. Әрі бір минуттық үзіліс ойын өрісін күрт өзгертті. Кезең соңына дейін Вадим Щербак, Антон Пономарев, Николай Бажин және Андрей Литвиненко осы ойындағы алғашқы ұпайларын еншілеп, біздің басымдығымыз 8 ұпайға дейін жетті, ал есеп – 28:20. Екінші кезеңнің бірінші жартысы терезесі тең деңгейде өтті. Осы уақыт ішінде Щербак пен Силинтшке қоса, Асқар Майдекин мен Руслан Айтқали да доп салды. Бірақ біздің басымдығымыз бес минут ішінде небәрі екі ұпайға ғана артып, есеп айырмасы «+10» болды. Матчтың бірінші жартысы аяқталғанға дейін есеп айырмасы тағы бес 5 ұпайға артты. Екі кезеңнен кейін есеп айырмасы 15 ұпайға жетіп, бұл ойында біздің команданың жеңіске жететіндігіне шүбә келтіру мүмкін болмады. Таблодағы есеп – 47:32.
Үлкен үзілістен кейін біздің жігіттер бірден қамшы басып, «Астана» басымдығы лезде 20 ұпайға жетті. Оның үстіне қонақтарымыздың ойын өрнектері үйлеспей қойып, “Каспийдің” жаттықтырушылары тағы да бір минуттық үзіліс алуға мәжбүр болды. Бірақ тайм-аут та оларға көмектеспеді. Ал “Астана” болса, үстемдік танытуын одан әрі жалғастырды. Үшінші кезең бел ортасынан асқанда астаналық гандикап 25 ұпайға жетті. Ал бұл кезең аяқталғанда, “Астана” 28 ұпай айырмасымен қара үзіп кетті – 67:39. Үшінші кезеңде Максим Марчук пен Асқар Майдекин алты ұпайдан еншіледі, сонымен қатар, Роберт Пан өзінің алғашқы ұпайларын еншісіне жазды. Есеп айырмасы 30 ұпайды жуықтап, ақтаулықтар жеңіске жету мүмкіндігінен түпкілікті айырылды. Оның үстіне, олар үшінші кезеңде небәрі 7 ұпай ғана олжалады. Соңғы он минутта “Каспийдің” ойыны тағы да нәтижелі болмай, олар тура осының алдындағы кезеңдегідей 7 ұпай ғана еншіледі. Ал біздің ойыншылар өз ойындарынан жаңылмай, ұпай қорларын молайта түсті. Әрі ұпайларының тең жартысын алыс қашықтықтан олжалады: екі рет Силиньш мергендік танытып, бір рет Андрей Литвиненко да көзге түсті, сондай-ақ Асқар Майдекин де үш ұпайлық доп салды, әрі орта қашықтықтан да шығыршықты дәл көздеді. Бұл кезеңде Руслан Айтқали, Максим Марчук және Антон Пономарев доп салып, ал Дмитрий Гаврилов тек айып сызығынан ұпайлар еншіледі. Ойын қорытындысында “Астана” ірі есеппен жеңіске жетті – 91:46.
Салдары: «Астана» жартылай финалдық доданы ірі жеңіспен бастап, алға шықты. Бірақ финалға шығу үшін әлі екі рет жеңіске жету қажет.
Ең көп ұпай еншілегендер:
Келесі матч: Ертең, яғни 28 сәуір күні астана командасы «Каспиймен» ел кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі екінші ойынын өткізеді. Бұл матч та біздің команданың алаңында өтеді, басталуы – астана уақытымен 19:30-да.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.