Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы XXIX Қазақстан чемпионаты
Астана
Астана
Ұлттық лига, Тұрақты біріншілік
26.10.2020, 19:30 Дс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
87:66
Негізгі уақыт
28:15 22:22 17:10 20:19
Ойын нөмірі: 1
Көрермен: 0
Каспий
Ақтау

Ұлттық лиганың жаңа маусымын жеңіспен бастадық – астанда «Каспий» тізе бүкті

26.10.2020, 15:00    Просмотров: 471
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ұлттық лиганың биылғы додасын өз алаңында бастап, Ақтаудың «Каспий» командасымен екі рет додаға түсті. Естеріңізге сала кетейік, қонақтарымыздың бас бапкері қызметіне биылғы маусымда Михаил Карпенко қайта оралған болатын. Ақтау командасы мейілінше жас ұжым, бірақ құрамын қазақстандық тәжірибелі ойыншылармен және шетелдік жаңа баскетболшылармен толықтырды. Бірінші ойында астана командасы сапында легионерлерден Мартиньш Мейерс пен Джеремайя Хилл шықты.

«Каспий» ойын басталған сәттен алаң иелерін қуып жетуге тырысумен болды. Мейерс, Хилл, Щербак және Литвиненко өздерінің дәл соққыларымен астана басымдығын бірден екі таңбалы санға жеткізді. Сондай-ақ, бірінші кезеңде Руслан Айтқали мен Антон Пономарев та ұжым қоржынына ұпай салды. «Каспий» матчтың бірінші бөлігінде 15 ұпай еншіледі, ал біздің команда олардан екі есеге жуық есеппен қара үзіп кетті – 28 ұпаймен. Әрі бұл ойында жеңіске жетуге нақты қадам жасалды. Екінші кезең «Астана» үшін біріншісіндей аса сәтті болмады. Әйтсе де, Эмиль Райковичтің шәкірттері ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ. «Каспий» есеп айырмасын 10 ұпайға дейін қысқартты. Алайда біздің жігіттер қарсыластарының барлық талпыныстарын тойтара біліп, есеп айырмасын сол күйі ұстап тұрды. Сөйтіп екінші кезең тең аяқталып, «Астананың» 13 ұпайлық басымдығы үлкен үзіліске дейін сақталды – 50:37.

Джеремайя Хилл

Үзілістен кейін біздің команда өздеріне сенімді түрде көсіле шапты. Ақтау ұжымы үшінші кезеңде ойын өрнегіне өзгеріс енгізуге тырысумен болды. Бірақ олардың талпыныстарының бәрін біздің жігіттер жүзеге асыруға жол берген жоқ. Астана командасы да алға қарай тайлы-таяғымен атойлап шаппағанымен, есеп айырмасын бірте-бірте ұлғайта берді. Үшінші кезеңнің аяқталуына бір жарым минут қалғанда Рустам Мырзағалиев үш ұпайлық дәл соққысымен астана басымдығыны жиырма ұпайға жеткізді. Матчтың отыз минуттық ойын уақытынан соң «Астана» сол 20 ұпай айырмасымен алда тұрды. Әрі қонақтарының қуып жетулеріне ешқандай да мүмкіндік беретін сыңай танытпады. Соңғы 10 минут тең дәрежеде өтті, «Каспий» бұл матчта біздің командаға қауіп төндірерліктей ештеңе ұйымдастыра алмады. Осылай, «Астана» үстемдік танытып, Ұлттық лиганың биылғы маусымындағы бірінші ойында жеңіске жетті. Есеп – 87:66.
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана» – біздің жігіттердің сапынан команда капитаны Рустам Мырзағалиев бұл ойында ең көп ұпай еншілеген және тиімді ойыншы болды. Ол 20 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алып, 4 пас беріп, 2 рет допты қиып әкетті. Руслан Айтқали да ерекше көзге түсті – 13 ұпай, 3 рет доп қағып алды. Сондай-ақ, Вадим Щербак та қалыспады – 12 ұпай және 3 рет доп қағып алды. Ұлттық лигада алғаш рет додаға түскен Мартиньш Мейерстің еншісінде – 9 ұпай және 3 рет доп қағып алды.
  • «Каспий» – америкалық Колин Доэрти де Ұлттық лигадағы алғашқы ойынын өткізіп, 25 ұпай еншіледі, 6 рет доп қағып алып, 3 пас берді, Сондай-ақ, Ұлттық  лигадағы тұсаукесер ойынын өткізген тағы бір ойыншыны атап өтуге болады – Юджин Артисон – 14 ұпай және 7 рет доп қағып алды.

Салдары: «Астана» Ұлттық лига «пердесін» жеңіспен түріп, тағы бір чемпиондық атақ жолындағы сапарын сәтті бастады.

Келесі матч: «Каспий» командасымен өзара екінші ойын ертең, яғни 27 қазан күні «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2008 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: Халық Арена
Қала: Ақтау Сайт: www.bccaspiy.kz

Сипаттамасы

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017

Команданың жалпы суреті

Каспий