Жолдастық кездесу
Астана
Астана
Жолдастық кездесу, Жолдастық кездесу
19.09.2019, 20:30 Бс
Арена: Паланга Арена (Паланга)
83:106
Негізгі уақыт
20:30 28:27 19:27 16:22
Ойын нөмірі: FG-06
Көрермен: 0
Автодор
Саратов

«Астана» Саратовтың «Автодорына» есе жіберіп алды

20.09.2019, 10:00    Просмотров: 509
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы Литвада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында кезекті жолдастық кездесуін өткізіп, ВТБ Бірңғай лигасындағы қарсыластарының бірі Саратовтың «Автодорымен» додаға түсті.

Саратов командасы 1960 жылы «Спартак» деген атаумен құрылған. Одан кейін атауын «Автодорожник» деп өзгертті. Ал 1996 жылы оны «Автодор» деп қысқартты. Саратов баскетболшылары 4 рет Ресейдің вице-чемпионы атанды. Өткен маусымда «Автодор» ВТБ Бірңғай лигасында 11-орынға ие болып, FIBA Еуропа кубогында 1/8-финалына дейін жетті. «Астана» мен «Автодор» арасындағы бірінші кездесу 2013 жылы Нестеров кубогында өтіп, онда саратовтықтар жеңіске жеткен. «Автодор» ВТБ Бірңғай лигасына 2014/2015 жылдар маусымында қосылды. Онда «Астана» саратовтықтарды екі рет тізе бүктірді. Тура сол маусымда бұл екі ұжым FIBA EuroChallenge кубогы аясында екі мәрте додаға түсіп, екеуара кездесулерде тең түсті – 1:1. 2015/2016 жылдар маусымында «Автодор» ВТБ лигасында «Астананы» екі рет қапы қалдырып, өзектерін өртеді. Бірақ келесі маусымда елорда командасы есе қайтарып, екі рет жеңіске жетті. 2017/2018 маусымында Саратов командасы тағы да екі рет басым түсті, ал өткен маусымда «Астана» екі мәрте айласын асырды. Сөйтіп, екеуара кездесулердің қорытындысында «Астана» алда тұр – 7:6.

Бұл жолғы жолдастық кездесу тең дәрежеде басталды, алайда бірінші кезеңнің соңында саратовтықтар қарқындарын үдетіп, біздің жігіттерден 10 ұпай айырмасымен басым түсті. Екінші кезең де тартысты болды, әрі есеп айырмасы да көп өзгерген жоқ. Ал командалар үлкен үзіліске шыққанда, «Автодор» 9 ұпай айырмасымен алда тұрды. Он бес минуттық үзілістен кейін табан тірескен тартысты дода ордан әрі жалғасты. Бірақ «Астана» үшінші кезеңнің екінші жартысында қарсыласына төтеп бере алмай қалды. Сөйтіп, саратовтықтар есеп айырмасын 17 ұпайға дейін ұлғайтты. Соңғы кезеңнің басында саратовтықтар гандикапы 20 ұпайдан да асып кетті. Осылайша, олар бұл матчта айқын басымдықпен жеңіске жетті – 83:106 (20:30, 28:27, 19:27, 16:22).

«Астана» сапында тектері бірдей жаңа ойыншылар ерекше көзге түсті: Малкольм Хилл 23 ұпай еншілеп, 6 рет доп қағып алды, ал Джеремая Хилл 22 ұпай салып, 3 рет доп қағып алды және 5 нәтижелі пас берді.

«Астана» ПБК маусым алдындағы жолдастық кездесулерінің кестесі және нәтижелері:
  • 7 қыркүйек — «СиБет» БК — 74:75
  • 9 қыркүйек — «Химки» БК — 88:81
  • 12 қыркүйек — «Нептунас» БК — 79:79
  • 14 қыркүйек — «Лиепая» БК — 73:107
  • 17 қыркүйек — «Ритас» БК — 100:76
  • 19 қыркүйек — «Автодор» БК — 106:83
  • 24 қыркүйек — «ВЭФ» БК — 84:77
  • 28 қыркүйек — «Куршяй» БК

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013

Команданың жалпы суреті

Автодор