Сенбі күні, 27 сәуірде, «Астана» президенттік баскетбол клубы түзде петербордың «Зенит» клубымен додаға түсіп, ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясындағы соңғы ойынын өткізеді.
«Зенит» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан, 2014 жылы құрылған.
Жетістіктері:
- ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018
- Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2016-2018
- Ресей кубогының финалына шыққан – 2015/2016
Екі команда арасындағы бірінші кездесу өткен жылғы қазан айында өтіп, «Астана» өз алаңында «Зениттен» басым түскен болатын. Есеп – 93:91. Дәл қазір «Зенит» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде алтыншы орынды иемденіп тұр. Олар 25 ойын өткізіп, соның 14-інде жеңіске жетті. Ал «Астана» бесінші орынға орналасқан. Елорда командасы 25 ойынның 15-ін жеңіспен аяқтады. «Астана» түзде «Зенитке» дес бермей, тағы бір тарихи жетістікте қол жеткізе ме, ол сенбі күні, 27 сәуірде белгілі болады.
Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың
Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де. Сонымен қатар, QAZSPORT телеарнасында 00:05-те қайталанып көресетіледі.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.